Танымал продюсер Баян Алагөзова қазақ киносының жауһары «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады. Бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеролик жариялаған. Онда танымал актрисаның қуаныштан көзіне жас алған сәті көрінеді. Өз кезегінде Баян Алагөзова актрисаға тек қуаныштан жылауына тілектестік білдірген.
Продюсер баспананы «Халық әртісі» өзі қалаған, көңіліне ұнаған жерден таңдап алатынын атап өтті. Сондай-ақ бүгін Баян Алагөзова “Қыз Жібектің” қамзолын өзіне қайтарып берді.







