• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бектенов «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры құрылысының барысымен танысты

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының барысымен танысты.

Turan Redaktor Turan Redaktor
19.08.2024, 20:14
Қазақстан жаңалықтары
Бектенов «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры құрылысының барысымен танысты
116
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының жалпы ұзындығы 302,4 км құрайды. Жоба аясында алты газ бұру құбыры мен автоматты газ тарату стансаларын салу көзделген. Газ құбырының өткізу мүмкіндігі – жылына 385 млн м3 газ. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов нысан «Алматы – Талдықорған» магистралды газ құбырының қолданыстағы бірыңғай жүйесінің құрамында пайдаланылатынын, құрылысты аяқтап, іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланып отырғанын баяндады.

Жаңа «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры 124 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етеді. Құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін облысты газдандыру деңгейі 90%-ға дейін өседі.

Премьер-Министр жаңа газ құбыры өңірдегі тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындарын энергетикалық қауіпсіздікпен және тұрақты газбен қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл өңірдің тұрақты дамуына және тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ іскерлік белсенділіктің артуы, жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын және орта бизнестің дамуы қосымша оң нәтиже бермек.

Жалпы, Жетісу облысында 358 елді мекеннің 192-сі газдандыруға жатады, 37 елді мекен газбен қамтылды, 334 мың адам (47,6%) газға қол жеткізді. Елімізде барлығы 2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты газбен қамту деңгейі 60%-ды құрады (12 млн адамға газ қолжетімді).

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды инфрақұрылым жобаларын іске асыруға Үкімет ерекше мән береді. Экономика үшін басым жобаларды қаржыландыруғ «Самұрық-Қазына» және «Бәйтерек» холдингтерінің, ішкі капитал нарығының ресурстары мен қаражаты, тікелей шетелдік инвестициялар мен жеке капитал белсенді түрде тартылуда. «Самұрық-Қазына» қаражаты есебінен 42 газбен қамту жобасын іске асыруға 10,4 млрд теңге бөлінді. Бұл жыл соңына дейін Жетісу облысындағы тағы 30 елді мекенді газбен жабдықтауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы жобаларды іске асыру кезінде тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың барынша жоғары үлесін қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды. Энергетика министрлігіне және «QazaqGaz» ұлттық компаниясына, облыс әкімдігіне белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, жобаларды сапалы іске асыру үшін барлық шараны қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар жеке үйлерге газдың қосылуын бақылауды күшейту тапсырылды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: газ құбырыҚР Премьер-МинистріОлжас БектеновТалдықорған
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.