• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
18.11.2026, 00:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Байзақтағы жарылысқа бір ай. Не өзгерді?

turan_admin turan_admin
27.09.2021, 09:54
Қазақстан жаңалықтары
Байзақтағы жарылысқа бір ай. Не өзгерді?
414
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылысқа бүгін – 26 қыркүйек күні бір ай толды. Қазір жарылыстан кейін есін жинаған ел баспаналарының қираған қабырғалары мен шытынаған әйнектерін қалыпқа келтіре бастаған. Өңірдегі бір айдың ішінде болған өзгерістерге қарап, құдды бір жарылыс болмаған секілді ой келеді. Құрылысқа ынта-шынтасымен кіріскен Байзақ ауданының әкімі жанына орынбасарын алып, Қайнар ауылындағы жұмыс сапасын бақылап жүр.

Orda.kz редакциясы 17 адамның өмірін қиып, 18 отбасын асыраушысынан айырған оқиғадан кейінгі жағдайды білу үшін Қайнар ауылына барып қайтты.

Қайнар – жарылыс кезінде көп шығынға ұшыраған әскери бөлімшеге ең жақын орналасқан ауыл. 26 тамыз Байзақ ауданына қарасты инженерлік оқ-дәрілер қоймасында болған өрттің соңы жойқын жарылысқа ұласқан еді. Оны ешкім ұмытпайды, дегенмен тіршілік жалғасуда.

Байзақтағы жарылысқа бір ай. Не өзгерді?
Әуесқой түсірілім. 26.08.2021 жыл

Қайнар ауылындағы құрылыс басында жүрген аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың айтуынша, аудан бойынша жоспарға сай міндеттелген 35 үй 10 қарашаға дейін толық жөнделіп бітуі тиіс.

– Бүгінгі күні Қайнар елді мекенінде 18 отбасы бар, оның ішінде 7 үйдің төбесі жабылды. Енді үйлердің ішін сылау, есік терезесін қою жұмыстары осы 1 апта көлемінде бітеді деген жоспар бар. Атқарылып жатқан жұмыстар күнделікті бақылауда, қалған үйлердің осы 10 күннің ішінде толық төбесі жабылып бітеді деп отырмыз. Одан кейінгі кезек үй ішіндегі жылу, есік пен терезесін орнату, сылағын, еденін сол өзіміз басында жоспарлаған 10 қарашаға дейін бітіреміз деп отырмыз, – дейді аудан әкімі.

Байзақтағы жарылысқа бір ай. Не өзгерді?
Orda.kz

Әкім қазіргі таңда құрылысты облыс азаматтары өз есебінен жүргізіп жатқанын, кейін шығынның толық өтелетінін айтады.

– Қаражат әлі ешкімге бөлінген жоқ. Азаматтарымызға алғысымыз шексіз, осы облыстың азаматтары, облыстағы үлкен компаниялар жағдайды түсініп, жұмыстың бәрін өз есептерінен жасап жатыр. Алдағы уақытта сол атқарылған жұмыстарға тиісті құжаттар дайындалып, қаражаты төленетін болады. Құрылыс жұмыстарына Қайнар ауылы бойынша 160 млн теңге кетеді.

Байзақтағы жарылысқа бір ай. Не өзгерді?
Orda.kz

Бақыт Қазанбасов жарылыстан зардап шеккен Үшбұлақ және Жібек Жолы ауылдарының да қазіргі уақытта толық құрылысқа кіріскенін алға тартты.

– Үшбұлақ ауылында 4 үйге үлкен зақым келген, ол үйге 6 млн 100 мың теңге қажет, тағы қосымша істейтін жұмыстарды мердігер өз есебінен жасап беремін деген уәдесі бар. Ол осы 4 үйдің жұмысы 6 млн теңгемен бітеді дегендік емес, себебі өздеріңіз білесіздер, күннен күнге құрылыс материалдары мен жұмыс күші қымбаттап жатыр. Қайырымдылық жасап, соңына дейін өзіміз бітіріп береміз деген жоспарымыз бар.

Жібек жолында шамалы зақым келген 12 үй бар олардың құрылысын мердігерлеріміз бастап кетті, онда тиісті есептеген бағаға байланысты уақтылы ақшасы төленетін болады. Дегенмен мердігерлеріміз оны өз есебінен жасап жатыр, алдағы уақытта оның да қаржысы жасалған жобаға сай төленетін болады, – дейді әкім.

Байзақтағы жарылысқа бір ай. Не өзгерді?
Orda.kz

Қайнар ауылында іргетасы осыдан 130 жыл бұрын қаланған Абдығаппар Сүйіндіковтің үйі бар екен. Ауыл ақсақалының айтуынша, жарылыс болған сәтте шатыры мен терезесінің сау жері қалмаған, бірақ КСРО уақытында бой көтерген іргетас пен қабырғасы мүлдем зақымданбаған.

  • Байзақтағы жарылысқа бір ай. Не өзгерді?
  • Байзақтағы жарылысқа бір ай. Не өзгерді?
  • Байзақтағы жарылысқа бір ай. Не өзгерді?
130 жыл тұрған үй. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы. Фото: Orda.kz

– Үй кірпіштен соғылған, бірақ нақты қандай кірпіш екенін мен айта алмаймын. Кірпіштен қаланған іргетастың астында үш қабат тас қаланған, тас қазіргі тастардай емес, домалақ, басқаша. Қабырғаның өзі 85 см, сылағымен 90 см болады. Жарылыстан үйдің төбесі кетті, терезелері сынды. Қабырға мен іргетасы әлі орнында. Құрылыс жақсы жүріп жатыр, осының басы-қасында жүрген жігітерге алғыс айтамын, – дейді ауыл тұрғыны.

Иә, ауылдағы ағайындардың қазіргі халі тұрақсыз, «жарылыс қайталанар ма екен деп» шошып  қалғандары рас. Құрылыстың қарқынды жүріп жатқаны жүрек жылытты. Бірақ одан бөлек көңіл құлазытатын бір дүние бар. Ол – жарылыс кезінде қызметте болып, оқиға ортасына барған әскери бөлімнің қызметкері Бауыржан Дәуітбаевтың бір ай уақыт бойы табылмауы.

Байзақтағы жарылысқа бір ай. Не өзгерді?

33 жастағы Бауыржанды іздестіру жұмыстары бір уақыт болсын жалғасып жатыр. Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Фахриддин Шанкаровтың айтуынша, әскери бөлімшеден 100-150 шақырым радиус толық тексерілген, бірақ нәтиже жоқ.

Мақала авторы: Исламбек Дастан.
Дереккөз-https://kaz.orda.kz/bajza-ta-y-zharylys-a-bir-aj-ne-zgerdi/#part=4
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55
Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

Кәсіпкерлікке қолдау – экономикалық өрлеудің негізі

16.11.2026, 11:54
Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

16.11.2026, 11:44
Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейқұт Жамангозов: «Халық үні — менің бағдарламамның негізі»

17.11.2026, 23:55

Айман Ашимова: «Тұрғындар тілегі басты назарда»

17.11.2026, 23:37

Жамбылда 116 инвестициялық жоба жүзеге асады: «Әділет» кандидаттары өндіріс ұжымымен кездесті

17.11.2026, 18:29

«Ақ әжелер ізімен» облыстық жобасының үздіктері анықталды

17.11.2026, 17:41

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.