Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 30 спорт түрінен 305 медаль үшін таласуда. Қазақстан Ханчжоу қаласына 30 спорт түрінен 525 атлет апарады. Оның ішінде Олимпиада бағдарламасына кіретіні 27, қалған үшеуі олимпиадалық емес спорт түрі.
Сонымен қатар, алдағы додада спорттың 8 түрінен Париж Олимпиадасының жолдамасына қатысады. Олар: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетика. Спорттың 4 түрінен рейтингтік ұпайлар ойынына қатысады. Олар: таеквондо, дзюдо, триатлон, бадминтон.
Осыған дейін, Париж Олимпиадасына «қазіргі бессайыс» спорт түрінен Георгий Борода-Дудочкин жолдама жеңіп алды.
Бокстан 71 келіге дейін салмақта Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Асахуджа Муйднхуджаевты соңғы раундта үш рет нокдаунға жіберіп жеңіске жетті.
Азия ойындарына Жамбыл облысынан 12 спорт түрінен 37 адам қатысуда. Дәл қазір Қазақстан еншісінде 28 медаль, оның ішінде 3 алтын, 5 күміс, 20 қола иеленді.