• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Қазақ тілінің арқасында көтерілдім»: Балалар үйінде өсіп, дәстүрлі ән айтатын орыс жігіті жайлы не білеміз

turan_admin turan_admin
20.08.2021, 18:26
Азаматтық қоғам институттары, Қоғам
«Қазақ тілінің арқасында көтерілдім»: Балалар үйінде өсіп, дәстүрлі ән айтатын орыс жігіті жайлы не білеміз
154
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
21 жастағы Алексей Лодочников қазақтың дәстүрлі әндерін нақышына келтіріп орындап, әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етіп жүр. Балалалар үйінде тәрбиеленген ол қазақ тілінде еркін сөйлейді, сондай-ақ, өзін актер ретінде дамытуда. KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат берген Алексей мемлекеттік тілді және қазақтың ұлттық аспабын қалай үйренгенін айтып, мұның өзіне қандай басымдықтар беретініне тоқталды.
«Есімім – Алексей. Жасым 21-де. Павлодар облысының Ақсу қаласында тудым. Бірақ балалық шағым Тереңкөл ауданындағы балалар үйінде өткендіктен, туған жерімді сол аймақ деп есептеймін. Кішкентайымнан қазақ тілін меңгеріп алдым. Қазақ мектебіне қадам басқандықтан, айналамдағы орта әсер еткендіктен, маған қазақша үйрену қатты қиындық туғызған жоқ. Домбыра шертіп, дәстүрлі әндерді орындауды да сол жерде үйрендім. Менің ән айтуға қабілетім барын байқаған апайларым 6-сыныпта музыкалық мектеп-интернатқа ауыстырды. Кейін дәстүрлі әндерді орындау бойынша колледжді де тәмамдап шықтым», — дейді Алексей.
Жас жігіт домбыра тартуды да, ән айтуды да балалар үйінде жүріп үйренген. «Домбыраны қолыма алғаш ұстатқан ұстазым – Асқар Еркебұланов. Кейін Медғат Манатов, Амангелді Қожанов сынды мықты мамандардан тәлім алдым. Бүгінде домбыра өмірлік серігіме айналды. Одан бөлек, актер ретінде де бағымды сынап жүрмін. Түркістанда түсірілген «Киелі бесік» сериалында ойнадым. Тағы да ұсыныстар болса, қарсы емеспін», — дейді ол.
Сөз соңында Алексей Лодочников өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйреніп алу туралы үнемі айтатынын да жеткізді. «Елімізде тіл мәселесі әлі де бар. Өзге ұлт өкілі ретінде қазақ тілін білудің мен үшін оң шешім екенін айтқым келеді. Біріншіден – бұл мемлекеттік тіл. Мұны білуге бәрі міндетті. Екіншіден – қазақша ән шырқап, қазақша таза сөйлегенімнің арқасында маған үлкен жол ашылды, мол мүмкіндік берілді.  Мәселен, қазақша білмесем Димашпен (Дима Құдайбергенов – ред.) бір сахнада тұрып ән айтар ма едім? Елбасының алдында сөз сөйлейтін бе едім? Қазақ тілін жетік білгенім менің өмірлік даңғылыма жол ашты. Сондықтан, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйреніңдер деп көп айтамын. Әр адам мемлекеттік тілді сыйлауы қажет», — дейді Алексей.
«Алексейдің өзге ұлт өкілі болғанына қарамастан, қазақтың дәстүрлі әндерін тамылжыта шырқағаны қуантады. Қазақтың қара домбырасын ғана емес, дәстүрлі әндерін де дәріптеп жүр. Өнерінің арқасында қалың елге таныла бастады. Алексейдің алдағы шығармашылығына табыс тілеймін», — деді ұстазы Амангелді Қожанов.
Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту. Дәстүрлерді жаңғырту және дамыту проблемасына, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығын қайта жаңғырту, оқушылар мен оқытушылардың арасында ұлттық идеялогияны арттыру. «Әр адамда «жетістіктің тарихы» әр түрлі келеді.
Дереккөз: https://kaz.nur.kz/society/1917437-qazaqtyn-qara-dombyrasymen-tanyldym-balalar-uiinde-osip-dasturli-an-aitatyn-orys-zigiti-zaily-ne-bilemiz/
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.