• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық жарыстарда рекорд орнатты

turan_admin turan_admin
04.07.2022, 12:45
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық жарыстарда рекорд орнатты
176
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияда өткен робототехникадан халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, рекорд орнатты.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық оқушылар бірден «FIRST Tech Challenge UK and Ireland» екі британдық маусымаралық олимпиадасында жеңіске жетті. Бұл жеңістер оқушыларға әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік береді. Оқушыларымыз 20 ойынның 19-ында рекордтық ұпаймен жеңіске жетті және қазылар алқасының 3 номинациясын ұтып алып, жарыстың рекордын орнатты.

Ұлттық құрама сапында 15-17 жас аралығындағы 12 оқушы өнер көрсетті. Олардың барлығы робототехника бойынша қазақстандық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Бірінші «FIRST Tech Challenge – West Midlands» жарысы 28 маусымда Вулвергемптонда, Уэст-Мидлендс графтығында өтті. Онда қазақстандық оқушылар 10 ойынның 10-ында жеңіске жетіп, үздік өнер көрсеткен командаға берілетін бас төреші номинациясының Judges Award жүлдесін жеңіп алды.

1 шілдеде Лондонда «FIRST Tech Challenge – South East» екінші жарысы өтті. Ойындарға британдық мықты командалардан бөлек, басқа елдерден де келген жасөспірімдер қатысты. Онда оқушыларымыз 10 ойынның 9-ында жеңіске жетіп, І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ оқушылар қазылар алқасының екі марапатына ие болды – Judges Award және Control Award сыйлығы.

Біздің Ұлыбританияға сапарымыз шынымен де тарихи сәтке толы болды. Оқушыларымыздың тәжірибелері бәсекелестерінен бірнеше есе аз болса да, олар өздерін жақсы жағынан көрсете білді және үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар FIRST бағдарламасының жеке қорында 80 млн доллар стипендиясы бар және робототехника чемпионатының жеңімпаздары әлемнің жетекші университеттеріне, соның ішінде MIT, Yale және басқа да үздік университеттерге тегін оқуға өтініш бере алады, — деді USTEM Robotics Қазақстандағы және Орталық Азиядағы робототехника дамыту қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Қазақстандық оқушылар бір айға жуық уақытын өз мектептерінің зертханаларында өткізіп, роботтарын құрастыруға арнады. Жас өнертапқыштар робот бөлшектерін өздері модельдеді, содан кейін мектеп шеберханаларындағы 3D принтер мен лазерлік машиналарда жобаларын жүзеге асырды.

Робототехниканың арқасында біз әлемді тануға, саяхаттауға және басқа елдердің үздік оқушыларымен кездесуге мүмкіндік алдық. Ұлыбританияға жасаған бұл сапарымыз өз қабілеттерімізге сенімділік берді. Біз Англия мен Солтүстік Кипрдің ең мықты командаларымен елдің намысын қорғау үшін жарыстық, ал ойындар арасында қарсыластарымызға көмектесіп те тұрдық. Бұл бізге қызықты болды, өйткені бұл жарысқа екінші жыл ғана қатысып жатырмыз, бірақ ондаған жылдар бойы дайындық жүргізген командалардан жақсырақ өнер көрсеттік. Ұйымдастырушылар мен басқа командалардың жаттықтырушыларынан алғыс сөздер естігенімізге қуандық, — дейді оқушы Нұрасыл Бейсенбай.

FIRST ҚР Оқу-ағарту министрлігінің оқушылар мен мұғалімдердің қатысуы үшін ұсынған олимпиадалар тізіміне енгізілген. Жыл сайын FIRST демеушілігімен 6 мен 18 жас аралығындағы балалар арасында түрлі жарыстар өткізіледі. Әр сайыстың тақырыбы мен тапсырмаларының күрделілігі әртүрлі.  Тапсырмалар нақты әлемдік мәселелермен байланысты, мысалы, өнеркәсіптік автоматтандыру, тау-кен өндіру, қалдықтарды өңдеу, ғарышты зерттеу, биомедицина және басқа да маңызды тақырыптар.

Дереккөз-baq.kz: https://baq.kz/qazaqstandyq-oqushylar-robototehnikadan-halyqaralyq-zharystarda-rekord-ornatty-282329/

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.