• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
14.11.2026, 03:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандық балуандар жаңа маусымда қандай турнирде өнер көрсетеді?

Жаңа маусым қазақстандық балуандар үшін үлкен мүмкіндіктер мен маңызды сынақтардың кезеңі болмақ. Кезекті олимпиадалық маусым бірқатар ірі турнирден басталады. Сонымен қатар жас спортшыларға өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді

turan_admin turan_admin
05.01.2025, 21:05
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандық балуандар жаңа маусымда қандай турнирде өнер көрсетеді?
88
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Дәстүр бойынша маусымдағы алғашқы ірі турнирлердің бірі Болгарияда өтетін «Дан Колов – Никола Петров» халықаралық жарысы болмақ. Ол 23-26 қаңтар аралығында Варнада өтеді. Медальдар еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі бойынша сарапқа салынады.

Кейіннен рейтингтік маңызға ие Zagreb Open турнирі өтеді. Оны Хорватияның Загреб қаласы қабылдайды. Жарыс 5-9 ақпан аралығында өтеді. Айта кетейік, ақпан айы халықаралық күнтізбе бойынша қарбаласқа толы болады. Ай бойы бірқатар халықаралық жарыс ұйымдастырылады, сондықтан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабына ұлттық құрамды сынақтан өткізу үшін мүмкіндік жеткілікті.

Наурыз айында Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетеді. Биыл құрлықтық біріншілік Иорданияның Амман қаласында 25-30 наурыз аралығында өтеді.

UWW күнтізбесіне Жақсылық Үшкемпіровтың құрметіне арналған турнир де енгізілді. Ол 9-13 сәуір аралығында Астанада өтеді. Бұл жарысқа тек Қазақстандық грек-рим күресінің балуандары емес, сонымен қатар басқа елдердің спортшылары да қатысады.

Одан кейін рейтингтік және халықаралық турнирлердің кезекті сериясы басталады. Кейбір жарыстарда қазақстандық спортшылардың да медаль үшін таласуға мүмкіндіктері жеткілікті. Маусым айында құрама Италияда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Маттео Пелликоне» мемориалына қатысуы ықтимал.

Сондай-ақ, маусым айында 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарыс 14-22 маусым аралығында Вьетнамның Вунгтау қаласында ұйымдастырылады. Ал 5-13 шілде аралығында U15 және U20 жас санатындағы құрлықтық біріншілік Қырғызстанның Бішкек қаласында өтеді.

Шілде айының басты жарысы – 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты. Ол 28 шілде мен 3 тамыз аралығында Грекияның Афина қаласында өтеді. Тамыз айында жастар арасындағы әлем чемпионаты ұйымдастырылады. U20 жас санатындағы әлемдік біріншілік 18-24 тамыз аралығында Болгарияның София қаласында өткізіледі.

UWW жарыс күнтізбесіне сәйкес, қыркүйек айында басты назар екі жарысқа аударылады. 8 қыркүйекте Бахрейнде өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары аясындағы күрес турнирі басталады. Ал 13-21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионаты өткізілуі жоспарланған.

Қазан айында Қазақстан құрамасы тағы бір әлем чемпионатына қатысады. Бұл жолы Сербияның Нови-Сад қаласында жастар арасындағы әлем біріншілігі өтеді. Жарыс 20-26 қазан аралығына жоспарланған.

Ұзақ маусым халықаралық жарыстармен аяқталады. Соның ішінде дәстүрлі түрде Таразда өтетін Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған турнир бар. Ол 3-5 қараша аралығында ұйымдастырылады.

Әрине, құрамамыз үшін басты басымдық – әлем және Азия чемпионаттары. Балуандарымыздың дайындығына арналған бағдарлама күшейтілген жаттығу жиындарын, сондай-ақ халықаралық және рейтингтік турнирлерді қамтиды.

Тегтер: Азия чемпионаттарыӘлем чемпионатыҚазақстан балуандары
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда заманауи АІ-кеңсе ашылды

Таразда заманауи АІ-кеңсе ашылды

13.11.2026, 19:07
Жамбылдық Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Жамбылдық Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:48
Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57

Таразда заманауи АІ-кеңсе ашылды

13.11.2026, 19:07

Жамбылдық Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:53

Жамбылдық Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

13.11.2026, 12:48

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.