• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы әзірленді

turan_admin turan_admin
06.08.2021, 17:45
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы әзірленді
168
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жануарларға қатыгездік танытқан көптеген бейнеролик таралғаны белгілі. Ит-мысықтарды ұрып-соғып, қорлық көрсету сынды жантүршігерлік жайттардың белең алып жатқаны көңіл қынжылтпай қоймасы анық. Жануарларды заңнамалық тұрғыда қолдауды Парламент депутаттары қолға алған болатын. Нәтижесінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы әзірленді.

Заң жобасы туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Қуат Чумакаевпен сұхбаттасқан едік.

 

— Жануарларға қатысты заң жобасын әзірлеу қажеттілігі неден туындады?

— Соңғы уақытта өкінішке қарай жануарларға аса қатігездік танытатын жан түршігерлік деректердің куәсі болып жүрміз. Сондықтан Жануарларға қатыгездік көрсеткендерге жауапкершілікті арттыруды көздейтін жеке заң жобасын жасау қажеттілігі туындады.

Осыған байланысты, 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің №413 (99-тармақ) Жарлығымен бекітілген 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Елбасының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде Үкіметке азаматтық сектормен бірлесе отырып, Жануарларды қорғау туралы заң жобасын әзірлеу тапсырылды.

— Заң жобасы неге бағытталған?

— Заң жобасы жануарларға қарауды құқықтық реттеуге, оларға адамгершілік қарым-қатынаста болуға бағытталған. Мұның алғышарты жалпы қабылданған этикалық құндылықтар шеңберінде жануарлар мен адамның ізгілігі, оларға қорқыныш пен ауырсынуды сезіне алатын жанды тіршілік иесі ретінде қарау, жануарлармен қарым-қатынаста жалпы және арнайы талаптарды бекіту болып табылады. Сондай-ақ жануарларды қатігездік танытудан, қорлау мен өліп қалудан, оларды айуандықпен өлтіруден қорғау – басты мақсатымыз. Қоғамда адамгершілік пен ізгілікті бекіту, қауіпсіздікті, қаңғыбас жануарлардың сандарын реттеу саласындағы ақпараттық ашықтығын, азаматтардың өзге де құқықтары мен заңдық қызығушылықтарын қамтамасыз ету де осы заңға жүктеледі.

— Министрліктің жануарларға қатігездік танытқандарға қылмыстық жауапкершілік жүктеу бойынша ұстанымы әлі күшінде ме?

— Дәйектеліміне байланысты жануарлармен қарым-қатынаста қатігездік танытқандарға министрлік айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейін жаза қолданады. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 316-бабында бұзақылық немесе пайдакүнемдік ниетпен жануарларға қатігездік танытқандарға 2000-нан 5000 АЕК мөлшерінде (1 АЕК=2917 теңге) айыппұл салу немесе екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылады.

Алайда Бас прокуратураға қарасты Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері Қылмыстық кодекстің жануарларға қатігездік танытқандығы үшін жазаны күшейту бойынша 316-бабын қарастырған кезде аталған түзетулер жан-жақты өңдеуді талап етеді деген тұжырымға келді.

Осыған байланысты олар аталған нормаларды Бас прокуратура өткізген қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық-атқару кодекстеріне бір уақытта түзету енгізу арқылы қылмыстық заңнаманы оңтайландыру бойынша жұмыстар шеңберінде қарастыруды ұсынды.

— Қазақстанда мұндай заң қабылдау қажеттігі туралы бұрыннан айтылып келеді. Заң жобасы не себепті Парламентке кешігіп ұсынылды?

— Заң жобасы азаматтық сектормен бірлесіп әзірленген жаңа жоба болғанын ескере отырып, тек мемлекеттік органдардан ғана емес, облыс әкімдіктерінен де сәйкес келісімдерді жүргізіп, барлық қажетті жемқорлыққа қарсы, ғылыми, экономикалық, лингвистикалық және қоғамдық сараптамалардың оң қорытындысын алу қажет болды.

Осының бәріне біраз уақыт кетті.

— Заң жобасы республикалық және жергілікті сипаттағы шығындарды талап ете ме?

— Иә, талап етеді. Заң жобасы арқылы қаңғыбас иттер мен мысықтарға мемлекеттік пана салып берудің құрылысы мен оларды әрі қарай асырау бойынша норманы жергілікті атқарушы органдарға беру ұсынылып отыр. Яғни бұл жерде олардың міндетіне қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстап әкелу, оларды ұрықсыздандыру, тамақтандыру мен асырау кіреді.

Одан басқа, иттер мен мысықтардың санын есепке алу мақсатында республикалық бюджет есебінен міндеттерді чиптендіру бойынша норманы енгізу ұсынылып отыр.

— Әңгімеңізге рахмет!

 

Дереккөз- baq.kz : https://baq.kz/news/othernews/zhanuarlarga-katygezdik-tanytkandar-5-zhylga-deyin-bas-bostandygynan-ayyryluy-mumkin-kuat-chumakaev/

Тегтер: #жануарлар # қатыгездік # Парламент # заң # жауапкершілік
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.