• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда геология және жер қойнауын пайдалану саласында ақпараттық жүйе құрылады

turan_admin turan_admin
05.05.2022, 10:10
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда геология және жер қойнауын пайдалану саласында ақпараттық жүйе құрылады
190
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геология саласын дамыту перспективалары қаралды.

Аталған мәселе бойынша ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика вице-министрі Асхат Хасенов баяндама жасады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстан пайдалы қазбалардың көптеген түрлерінің расталған қорлары бойынша әлемнің жетекші он елінің қатарына кіреді. Бұл ретте, пайдалы қазбаларды қарқынды өндіруге байланысты геология саласының алдында тұрған басты сын-тегеурін – қорлардың толықтырылу деңгейінің төмендігі.

Осыған байланысты жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жандандыру талап етіледі. Бұл – кейіннен жер қойнауын пайдалануға беру үшін перспективалы алаңдар мен объектілерді анықтау бойынша негізгі әдістердің бірі.

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда геология ғылымын дамыту және өңдеу саласын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық геологиялық қызмет құрылды. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында «Геология саласын дамыту» бағыты көзделген.

С. Брекешевтің айтуынша, қазіргі уақытта алаңдарды геологиялық жете зерттеу, геологиялық-минерагендік және терең геологиялық карталау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жоспарға сәйкес 2026 жылға қарай Қазақстан жерлерін зерттеу жұмыстары 680 мың шаршы шақырымға ұлғайып, жалпы көрсеткіш 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жетеді», — деп хабарлады С. Брекешев.

Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-Министр Қазақстан көптеген пайдалы қазбалардың қоры бойынша әлемде жетекші орын алатынын, ал экономиканың өндіруші секторы ЖІӨ-нің шамамен 30%-ын қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Еліміздің минералдық-шикізаттық базасын іздеу және толықтыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру қажет. Сол үшін де геология бұл мәселеде аса маңызды рөл атқарады. Геологияны дамыту үшін қатты пайдалы қазбаларды іздеуге жеңілдетілген лицензиялау енгізілді. Шағын геологиялық барлау компанияларына тиісті жағдай жасалды», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің айтуынша, ел аумағын кеңінен зерттеу мен әкімшілік кедергілерді жою өндіріс саласын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артады. Жалпы елімізде ғылыми-институционалдық база бар. Геология саласын дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Үкімет басшысы геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы инвесторларға геологиялық мәліметтерді қолжетімді ету үшін ақпараттық жүйе құру қажеттігін атап өтті. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін «KAZNEDRA» платформасын әзірлеу және қолданысқа енгізу бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар, Әлихан Смайыловтың айтуынша, барлау және өндіру құқығын алуға мүмкіндік беретін Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын уақытылы жаңартып отыру қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, бір ай мерзімде жер қойнауын пайдалануға болатын республиканың барлық аумағын бағдарламаға қосу тапсырылды.

«Жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттарды ұзартуға көп уақыт кетеді, ол рәсімді жеңілдету қажет», — деді Ә. Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, екі апта ішінде әкімшілік кедергілерді азайту бойынша нақты шаралар әзірлеуді, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті цифрландыруды тапсырды.

Үкімет басшысы экологтардың, депутаттар мен қоғамдық ұйымдардың Ақтөбе облысындағы «Көкжиде» бірегей жерасты сулары кен орнының ластануы мәселесін үнемі көтеріп келетінін атап өтті.

Осы орайда Энергетика министрлігіне аталған су кен орнының аумағында жер қойнауын пайдалануды шектеу мәселесін қарастыру, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық жерасты сулары бойынша мониторинг жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.