• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
17.10.2026, 07:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
15.09.2026, 18:00
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда биыл 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған
13
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстанда 2026 жылы 20,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның 29,6 мыңы мемлекеттік қолдау аясында беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, биылғы сегіз айда елімізде 11,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл – 105,9 мың пәтер және жылдық жоспардың 55,3%-ы.

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін биыл мемлекеттік қолдау есебінен 12,6 мың кредиттік тұрғын үй салу және сатып алу жоспарланған. Бұл мақсатқа 155,5 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар әкімдіктерге облигациялық қарыз беру есебінен 269 млрд теңгеге 13,5 мың жалдамалы пәтер беру көзделіп отыр. Жалпы сипаттағы трансферттер есебінен тағы 3,5 мың жалдамалы тұрғын үй сатып алуға 71,9 млрд теңге бөлінеді.

Қазір республика бойынша тұрғын үй кезегінде 988 мыңнан астам азамат бар. Оның шамамен 459 мыңы әлеуметтік осал топтарға жатады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, тұрғын үй мәселесі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Соңғы екі жылда министрлік тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәсілдерін қайта қарады, – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Комитет төрағасының мәліметінше, биылғы сегіз айда азаматтарға 12 653 жалдамалы пәтер берілген.

Бұдан бөлек, 2024 жылғы желтоқсаннан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіруге мүмкіндік берілді. Осы уақыт ішінде бұл құқықты 20 мыңнан астам азамат пайдаланған.

Ал 2026 жылдың алғашқы сегіз айында 6 824 отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспанасын жекешелендірді. Оның 3 649-ы тұрғын үйді өтеусіз негізде жеке меншігіне алған.Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға жылдық 2% және 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген ипотекалық қарыздар да ұсынылады. Биыл 12,6 мың осындай заем беруге 175,1 млрд теңге қарастырылған.Сегіз айда 2%-дық бағдарлама арқылы 3 954 азамат, ал 5%-дық ипотека арқылы 2 252 азамат баспаналы болды, — деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған «Наурыз» бағдарламасы бойынша да жыл сайын 12 мың заем беру жоспарланған. Биылғы сегіз айда бағдарлама аясында 11,9 мың азаматқа жалпы сомасы 350 млрд теңге болатын несие берілген.

Сонымен қатар бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін азаматтарға 1,5 млн теңгеге дейінгі қайтарымсыз тұрғын үй сертификаттары беріледі. Сегіз айда 2 373 сертификатқа 2,7 млрд теңге бөлінген.

Қазір жалдамалы тұрғын үй ақысының бір бөлігін субсидиялау тетігімен 11 200 отбасы қамтылып отыр.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Отбасының әл-ауқаты: C, D және E санаттары

Отбасының әл-ауқаты: C, D және E санаттары

16.10.2026, 11:13
Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13
Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40
Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда «Шәмші әуендері» республикалық ретро-фестивалі өтті

16.10.2026, 13:11

Таразда Күзембай Байбосыновқа арналған экспозициялық бұрыш ашылды

16.10.2026, 13:06

Отбасының әл-ауқаты: C, D және E санаттары

16.10.2026, 11:13

Ақпараттық хабарлама, 29 қараша сайлау күні

16.10.2026, 09:31

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясына жаңа төраға сайланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.