• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:49
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан жаңа егінге дейін астықпен толық қамтамасыз етілді — Ә. Смайылов

turan_admin turan_admin
07.06.2022, 17:26
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан жаңа егінге дейін астықпен толық қамтамасыз етілді — Ә. Смайылов
118
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сейсенбі күні, 7 маусымда, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде егіс науқанын өткізу мәселелері қаралды, оның барысы туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, қазіргі жағдай бойынша дәнді дақылдарды егу Ақтөбе (97,7%) және Батыс Қазақстан (86,2%) облыстарынан басқа барлық облыстарда аяқталды. Аталған өңірлерде қатты жауын-шашынға байланысты егіс жұмыстары кейінге қалдырылды, оларды осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Мәселен, жаздық дақылдар 19,8 млн га немесе белгіленген жоспардан 100,2%, картоп 189,6 мың га, көкөніс-бақша дақылдары 269,2 мың га, көпжылдық шөптер 429,6 мың га алқапқа себілді. 3,1 млн га майлы дақылдар, 12,3 мың га қант қызылшасы, 121,1 мың га мақта егілді. Елдің жалпы егіс алаңы 23,1 млн га құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 105 мың га артық.

Сонымен қатар жүргізіліп жатқан егіс алқаптарын әртараптандыруға және дара дақылды егістен кету жұмысына сәйкес, астық алқаптары 285,5 мың га қысқартылды. Майлы дақылдар 24,9 мың га, картоп 2,4 мың га, көкөніс 1,7 мың га және жем-шөп дақылдары 448,1 мың га өскені байқалады.

Баяндамашыларды тыңдаған Әлихан Смайылов Үкіметтің ауыл шаруашылығы саласын қаржыландырып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шешімдерді қабылдағанын атап өтті.

Атап айтқанда, фермерлерді қолдау мақсатында бюджеттік кредиттің жалпы сомасы 140 млрд теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу арқылы қаржыландыру екі есеге, яғни 80 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы АӨК саласын қаржыландыруға бюджетті нақтылау кезінде қосымша 298 млрд теңге бөлінді.

Одан бөлек, дизель отынының қажетті көлемі нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен жеткізілді, отандық өндірушілерден алынатын минералдық тыңайтқыштардың бағасы төмендетілді.

Осылайша, биыл агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді, деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

Үкімет басшысының айтуынша, өткен жылы құрғақшылық болғанына қарамастан, бидайға деген ішкі қажеттілік толығымен қамтамасыз етілді.

«Экспорттық міндеттемелерді орындап, қажетті қор жинап алдық. Биыл жаңа өнімді жинап алғанша, елімізде жеткілікті астық қоры бар», — деді ҚР Премьер-Министрі.

Бұл орайда БҰҰ-ның наурыздағы бюллетеніне сәйкес, Қазақстанда биыл астықтың түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болуы керек. 18-19 млн тонна астық жиналса, ішкі қажеттілік шамамен 8 млн тоннаны құрайды. Тіпті қолайсыз ауа-райы мен жиналатын өнімнің болжамы нашар болған күннің өзінде Қазақстан өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жалпы Ә. Смайлов егіс жұмыстары қарқынының жақсы екенін атап өтіп, тиісті мемлекеттік органдардың алдына бірқатар міндет қойды:

  • Қолданбалы ғылыми зерттеулерді қолдау, агроғылымды дамыту, елдің климатына сай келетін, құрғақшылыққа төзімді, түсімі жоғары сорттарды жасап шығару шараларын қабылдау керек;
  • Мол өнім алуға мүмкіндік беретін агротехнологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау керек;
  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізуге алдын ала келісімшарттар жасау қамтамасыз етілуі тиіс;
  • АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру үшін жоспарланып отырған өзгерістерді бизнес қоғамдастықпен егжей-тегжейлі талқылау керек;
  • «Азық-түлік келісімшарт корпорациясына» форвардтық шарттар аясында астық көлемін уақытылы жеткізу бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілерінің міндеттемелерінің сақталуын қамтамасыз ету керек.

«Бұл қор кейін ішкі нарықты астықпен қамтамасыз ету үшін керек», — деп түйіндеді Ә. Смайылов.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.