• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан Президентінің төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті

turan_admin turan_admin
14.10.2022, 15:23
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан Президентінің төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті
172
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter


Мемлекет басшысы бүгінгі іс-шара ТМД елдерінің COVID-19 пандемиясынан кейінгі алғашқы толыққанды саммиті екенін атап өтті.

— Шағын құрамда біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмастық, Тәуелсіз мемлекеттер достастығын дамытудың негізгі басымдықтарын айқындадық. Бұл COVID-19-дан кейінгі ТМД-ның офлайн форматтағы алғашқы толыққанды саммиті екенін атап өткім келеді. Жалпы, астанамызда қайта бас қосуымыз қуанышты жайт, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекеттер басшылары бірден ресми құжаттарға қол қою рәсіміне көшуге келісті.

— Қажетті құжаттарға қол қойылып жатқанда біз ТМД Атқарушы хатшысы лауазымын ТМД Бас хатшысы лауазымына өзгерту туралы мәселені шағын форматта талқылағанымызды жариялағым келеді. Аталған мәселеге қатысты мен осындай ұсыныс жасадым. Себебі кеше біз АӨСШК Атқарушы хатшысы лауазымын Бас хатшы лауазымына өзгерту туралы шешім қабылдадық. Бұған дейін ШЫҰ-ның Атқарушы хатшысы да Бас хатшы лауазымына өзгертілді. Негізінде, бұл атқарушы орган лауазымының мәртебесін арттыру үшін маңызды, — деді Президент.

Президент сөзін қорытындылай келе, өткізілген саммиттің нәтижелі болғанын айтты.

– Құжаттарға қол қою рәсімі аяқталды. Осылайша, біздің отырысымыз нәтижелі болды деп айтуға толық негіз бар. Сонымен қатар құжаттарды қабылдаудан бөлек делегация басшылары, менің ойымша, ТМД шеңберіндегі көпжоспарлы өзара іс-әрекеттің кең ауқымы және халықаралық күн тәртібі жөнінде өте пайдалы пікірталас өткізді. Осы ретте айтылған маңызды ұсыныстар мен қаралған құжаттар ТМД кеңістігіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталады. Бұл ортақ мақсатымызға сай келеді. Сөз соңында ТМД Атқару комитетінің қызметкерлеріне, біздің сарапшыларға, мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын дайындауға және өткізуге тікелей атсалысқан Достастықтың барлық органына ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар жиында ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко сөз сөйледі.

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің төрағасы, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасын  мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының төрағасы Радик Батыршинге табыс етті.

Кездесу соңында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ Достастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар құжат қабылданды.

Дереккөзt.me/bort_01

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.