• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:40
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

turan_admin turan_admin
15.10.2022, 15:16
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
220
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысы, ең алдымен, Түрікменстан Президенті ретінде Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келгені үшін Сердар Бердімұхамедовке шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Түрікменстан  біз үшін салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі мен діні ұқсас бауырлас ұлт әрі сенімді серіктес екенін атап өтті.

– Біз – түбі бір түркі халықтарымыз. Әрдайым  бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз. Осындай құндылықтар – ең басты байлығымыз. Сондықтан бауырластық қарым-қатынасты нығайту – ортақ парызымыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент бүгін Сердар Бердімұхамедовпен екі елдің мүддесіне сай келетін аса маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгенін, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасқанын мәлімдеді. Сондай-ақ кездесу нәтижесінде Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжаттарға қол қойылды.

– Мен бүгінгі келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалаймын. Бүгін біз  қазақ-түрікмен қарым-қатынасының стратегиялық маңызын тағы да нақтыладық. Екі тарап та бауырлас халықтарды одан әрі жақындатуға талпыныстарын білдірді. Біз достық ниеттегі әрі өзара тиімді жан-жақты ынтымақтастығымызды одан әрі күшейтудің  басымдықтарын анықтадық. Сауда-экономикалық серіктестікке айрықша назар аударылды. Бірлескен шаралардың арқасында былтыр екіжақты тауар айналымы  екі есе өсіп, 250 миллион доллардан асты. Бұл бағыттағы оң динамика биыл да сақталды. Жеті айда өзара сауда-саттық көлемі 2 есе өсті. Екі елдің үкіметтері мен іскерлік топтары арасында байланыс жандана түсті. Экономиканың әртүрлі саласындағы бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі мемлекеттің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейте түсуге мүмкіндік мол. Мәселен, Қазақстан Түрікменстанға шығаратын экспортын 80 тауар түріне дейін ұлғайта алады.

– Біздің мақсатымыз – өзара сауда-саттық көлемін алдағы жылдары 500 миллион долларға дейін арттыру, ал келешекте миллиард долларға жеткізу. Бұл үшін Тауар айналымын ұлғайту және жеткізілетін тауар номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмыс тобының қызметін жандандыруға тапсырма бердік. Екі елдің үкіметтері біздің тапсырмамыз бойыша осы мүмкіндіктерді қарастырады, – деді Президент.

Өз кезегінде Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлығы және ашық әрі өзара түсіністік жағдайында өткен сындарлы келіссөздер үшін алғыс айтты.

– Қазақстан Президентімен кездесуіміз екі мемлекет басшыларының арасында барлық бағыт бойынша өзара қарым-қатынасты дамытуға ерік-жігер, дайындық, сондай-ақ оны жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер бар екенін көрсетті. Мұны нық сеніммен айта аламын. Біз жаһандық күн тәртібіндегі маңызды бағыт саналатын тұрақты даму мен оның құрамдас бөлігі саналатын энергетикалық қауіпсіздік, халықаралық көлік-транзит жолдарын дамыту, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ортақ іс-әрекеттерді үйлестіру ісін жалғастырамыз, – деді Түрікменстан Президенті.

Сондай-ақ Сердар Бердімұхамедов бүгінгі келіссөздер нәтижелі болғанын жеткізіп, Қазақстан Президентін Түрікменстанға кез келген қолайлы уақытта сапармен келуге шақырды.

Дереккөз t.me/bort_01

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.