• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:23
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өткен Abu Dhabi Open-2024 турнирінде чемпион атанды

Turan Redaktor Turan Redaktor
12.02.2024, 18:58
Қазақстан жаңалықтары
ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ
68
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Теннис: Әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өткен Abu Dhabi Open-2024 турнирінде чемпион атанды. Отандасымыз WTA 500 санатындағы бәсекенің финалында Дарья Касаткинамен кездесіп, екі сетке жалғасқан бәсекеде қарсыласынан 6:1, 6:4 есебімен басым түсті. Осылайша, Елена биылғы екінші жүлдесіне қол жеткізді. Осыған дейін ол Брисбендегі турнирде қарсылас шақ келтірмеген.

Ауыр атлетика: Өзбекстан астанасы Ташкентте ұйымдастырылған ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары екі медаль жеңіп алды. Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сайрамкез Ақмолда мен 81 келідегі Александр Уваров сары құрлықтың күміс жүлдегері атанды.

Сайрамкез Ақмолда жұлқа көтеруде – 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен 2-орынға табан тіресе, Александр Уваров жұлқа көтеруде – 153, серпе көтеруде 190 келімен (343 кг) тұғырдың екінші сатысына тұрақтады. Ташкенттегі Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынды. Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысты.

Бокс: Ұлттық құрама боксшылары Болгария астанасы Софияда аяқталған Странджа Кубогінде 3 медаль жеңіп алды. Былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов (67 кг) аталған турнирдің финалында үндістандық Раджатты жеңіп, жарыс жеңімпазы атанса, Санжар Ташкенбай (51 кг) үндістандық Амитке (Үндістан) есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді. Ол жартылай финалда Тоқтарбек Таңатханға (Қытай) есе жіберді.

Конькимен жүгіру: Жапонияның Хатинохе қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 медаль олжалады. Командалық спринтте Ұлттық құрама спортшылары күміс жүлдеге (1:31.28) ие болса, командалық жарыста жерлестеріміз Жапония мен Нидерланд командасынан кейінгі үшінші сатыға тұрақтап, қола жүлдегер атанды.

Шорт-трек: Германияның Дрезден қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогінің бесінші кезеңінде Әділ Ғалиахметов 1000 метр қашықтықтың финалында бақ сынап, мәреге үшінші болып келді. Алтын және күміс медальді сәйкесінше Оңтүстік Корея спортшылары Пак Дживон мен Чан Сунву иеленді.

Тегтер: спорт
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.