Әуе компания жолаушыларға арналған ақпаратты ресми Telegram-арнасында жариялады.
«Аir Astana тобы Ақтау мен Атырауға қатынайтын, сондай-ақ ол жақтан ұшатын рейстердің қолайсыз ауа райына және Ақтау мен Атырауда мұзға қарсы арнайы сұйықтықпен өңдеу жұмысы мүмкін болмауына байланысты кешігетінін хабарлайды», — делінген хабарламада.
Жолаушыларға әуежайға бармас бұрын рейс туралы ақпартты ресми сайттан немесе мобильді қосымша арқылы тексеру ұсынылды.







