• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Атырау облысында фермерлер әкімдік алдына жиналды

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр ауылының шаруалары жем-шөп қымбат екенін айтып, субсидия төлеу, өңірге төтенше жағдай жариялау бойынша облыс әкімдігі ғимаратының алдына жиналды.

turan_admin turan_admin
29.11.2024, 12:05
Жаңалықтар, Облыс жаңалықтары
Атырау облысында фермерлер әкімдік алдына жиналды
73
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Шаруалардың сөзінше, биыл жауын-шашын өте аз жауып, шөп екі есеге қымбаттап кеткен.

«Жем-шөп бағасының екі есеге дейін өсуі шаруашылығымызды дамытуға кері әсерін тигізіп жатыр. Оның үстіне киіктер де көбейіп, жайылымдық жерді отап болды. Өңір адамдары тек малмен күн көріп отыр, бізде басқалай жұмыс көзі жоқ. Сол себептен екі талаппен келіп тұрмыз: Азғырда ТЖ жариялау және ірі сабақты шөпке субсидия төлеу», — дейді шаруалар.

Олардың айтуынша, бір орам шөп бағасы 15 мың теңгеге дейін көтерілген. Бұл тек малмен күнелтіп отырған ауыл тұрғындарына қиын соғып тұр. Тығырыққа тірелген шаруалар аудан әкімдігінен қайран болмағасын 600 шақырым жердегі облыс әкімдігіне көмек сұрап келді.

Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысы малшылары үшін ірі сабақты шөпке субсидия төленбесін деген бұйрық шығарды. Шөптің басым бөлігін азғырлықтар 90-100 шақырым жердегі Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасынан дайындап немесе сатып алып жүретін. Бөкей ордасы ауданында жауын-шашын жаумауына байланысты ТЖ жарияланды.

Азғыр өңіріне ТЖ жариялауды 17 қазанда арнайы құрылған комиссия шешеді деген болатын. Алайда комиссия мүшелері ТЖ жариялауды қажет деп таппапты.

«Облыс әкімдігі ғимаратының алдына жиналғандарды облыс әкімінің міндетін атқарушы Жасұлан Бисембиев шақырып алып, ірі сабақты шөпке субсидия беру желтоқсаннан бастап жүзеге асатынын айтты, ал ТЖ жарияланады деді. Жыл аяқталып қалды, қайткенде біз субсидия алмай, шаруамыз алға баспайды, өйткені күлдей шығынға батып отырмыз. Субсидияға біздің қажет құжатымыз түгел», — дейді фермерлер атынан Думан Меңдеш.

Мәселеге қатысты облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев пікір білдірді.

«Азғыр өңіріндегі жағдайға қанықпын. Өңірге ТЖ жариялау туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен ақылдасып жатырмыз. Субсидия төлеу жайы да ойластырылып жатыр», — деді ол.

Құрманғазы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Марат Хасанов Азғыр өңірінде жем-шөп дайындау 90 пайызға орындалып тұрғанын айтты.

Азғыр өңірінде 153 (Сүйіндікте — 59, Азғырда — 56, ал Асан округінде — 38) фермер бар. Былтыр аудан бойынша 51 шаруа қожалығы 209 миллион теңге ірі сабақты шөпке субсидия алған.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында құжатсыз жауапқа тартылып жатқаны хабарланды.

Тегтер: атырау облысыфермерлер
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.