• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:15
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Астанада Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезі өтті

Съез жұмысы Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған арнайы пошта маркасын айналымға енгізу рәсімінен басталды.

turan_admin turan_admin
04.09.2025, 02:20
Абырой, Азаматтық қоғам институттары
Астанада Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезі өтті
147
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл – елдегі кәсіподақ қозғалысының ең жоғарғы органы. Маңызды шараға барлық өңірлерден делегаттар, салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, халықаралық сарапшылар және әлемнің 40-қа жуық елінен ұлттық кәсіподақ орталықтарының басшылары қатысты. Барлығы 300-ден астам адам бас қосты.

Съез жұмысы Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған арнайы пошта маркасын айналымға енгізу рәсімінен басталды. Бұл марка кәсіподақ көшбасшыларының әлеуметтік қатынастарды дамытуға, еңбек құқықтарын қорғауға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға қосқан үлесін бейнелейді.

Федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталин съезді ашып, бұл сәттің тарихи маңызына тоқталды.

Съезде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Аскарбек Ертаев сөз сөйледі. Ол кәсіподақтардың азаматтық қоғам мен әлеуметтік серіктестіктің маңызды институты екенін атап өтті.

Съезд күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Федерацияның соңғы бес жылдағы қызметі туралы есеп болды. Оны Сатыбалды Дәулеталин ұсынды. Ол кәсіподақ қозғалысының негізгі жетістіктерін, туындаған қиындықтарды және алдағы мақсаттарды атап өтті:

– Ең бастысы – біз сенімді қайтардық. Осы бес жылда кәсіподақтар өзгерістер мен жаңғыру жолынан өтіп, ел ішінде де, халықаралық аренада да өз беделін қайта қалпына келтірді. Біз тыңдай білуді, бірігуді үйрендік, қателесуден қорықпадық. Алғашқы ұйымдардан бастап орталық аппаратқа дейін нақты құрылым қалыптастырдық, – деді ол.

Федерация төрағасы халықаралық бағыттағы жұмыстарға да тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан қайтадан әлемдік кәсіподақ кеңістігіне қосылды. Бұл тек мәртебе үшін емес, нақты мүмкіндіктер үшін жасалды. Федерация мен әлеуметтік серіктестердің бірлескен жұмысының нәтижесінде Қазақстанда Халықаралық еңбек ұйымының «Еңбектің лайықты шарттарын қолдау жөніндегі Жол картасы» қабылданды. Бұл – еліміздің еңбек саласындағы жетістіктерін халықаралық деңгейде мойындаудың көрінісі. Тарихта алғаш рет ХЕҰ Бас директоры Жильбер Унгбо Қазақстанға ресми сапармен келіп, алғашқы кездесуін Кәсіподақтар федерациясында өткізді. Сондай-ақ, Қазақстан қайтадан Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясына мүше болып кірді. Федерация төрағасы осы ұйымның Бас кеңесінің мүшесі және Бүкілевропалық аймақтық кеңестің вице-президенті болып сайланды. Бұл – миллиондаған еңбек адамының тағдырына әсер ететін шешімдерге ықпал етуге мүмкіндік береді.

Сатыбалды Дәулеталин сондай-ақ Орталық Азия кәсіподақтары кеңесі мен түркітілдес мемлекеттердің кәсіподақ ұйымы аясындағы аймақтық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, осы интеграциялық құрылымдар Қазақстанның халықаралық кәсіподақ қозғалысындағы беделін арттырды. Федерация жұмысының басым бағыттарының бірі – еңбек дауларының алдын алу болып табылады. Бұрын реактивті тәсіл қолданылса, қазір жүйелі профилактикаға көшті. Еңбек жағдайына күнделікті мониторинг жүргізу енгізілді, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге еңбек тәуекелдерінің картасы жасалды. 1600-ден астам еңбек кеңесі өткізілді, 40 мыңнан астам адам оқытылды. «30 еңбек елшісі» жобасы дәстүрлі әдістер нәтиже бермейтін жағдайларда ортақ шешім табуға көмектеседі. Соның арқасында кәсіподақтардың араласқан істерінің 97 пайызында жұмыскерлердің талаптары қанағаттандырылды.

Федерация төрағасы мүшелік ұйымдарға, әлеуметтік серіктестерге және жалпы қоғамға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты. Оның сөзінше, кәсіподақтар еңбекшілердің тірегі әрі қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отыр.

Съезд барысында халықаралық ұйым өкілдері де сөз алып, пікірлерімен бөлісті. Олардың қатарында Халықаралық еңбек ұйымының ACTRAV Бюросының директоры Мария Элена Андре болды. Ол Қазақстанда соңғы жылдары жүзеге асқан маңызды реформаларды атап өтіп, ХЕҰ мен ACTRAV-тың сенімді серіктес екенін жеткізді. Сонымен қатар, Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Бас хатшысы Люк Трайангл, Бүкілевропалық аймақтық кеңестің президенті, Молдова кәсіподақтарының ұлттық конфедерациясының төрағасы Игорь Зубку, Өзбекстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Қудратилла Рафиков және Грузия кәсіподақтары конфедерациясының президенті Ираклий Петриашвили сөз сөйледі.

Одан кейін съезд жұмысы Федерацияның Бас кеңесінің есебін талқылаумен жалғасты. Қатысушылар Федерация қызметінің тиімділігін ресми түрде мойындауды ұсынды. Мәселен, «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев Қарағанды облысы атынан сөйлеп, заңнамалық саладағы жетістіктерге тоқталды. Ал Жамбыл облысынан сайланған делегат, білім, ғылым және жоғары мектеп қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымының төрағасы Ерлан Мағзымбеков кәсіподақтың құқықтық көмегінің маңызын атап өтті:

– Кәсіподақтардың заңгерлік қызметі жұмыскерлердің құқықтарын қорғауда ерекше рөл атқарады. Тек 2024 жылы ғана тоғыз мыңнан астам заңгерлік көмек көрсетілді, кәсіподақ мүшелеріне 380 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. 2015 жылдан бері заңгерлік жұмыстың жалпы экономикалық тиімділігі үш миллиард теңгеден асты, – деді ол.

Айта кетейік, Жамбыл облысынан білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, химия өнеркәсібі және энергетика саласын қамтитын 11 делегат сайланған.

Съезд күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі – Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасын сайлау болды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша делегаттар Сатыбалды Дәулеталинді бірауыздан қайта сайлап, елдегі ең ірі кәсіподақ ұйымына сенім артты.

Съезд қорытындысында «Өзгерістер дәуіріндегі әділ еңбек: қорғау, даму, инновациялар» атты Федерацияның 2030 жылға дейінгі стратегиясы қабылданды. Сондай-ақ кәсіподақ қозғалысын дамыту бағыттары айқындалған Қорытынды резолюция бекітілді. Құжатта Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан реформаларға қолдау білдірілді. Съезд аясында жаңартылған Бас кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырысы негізінде дайындалды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.