• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

АРДАГЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ

08.05.2021
0
АРДАГЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ
213
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ел азаматтары сонау қасіретті жылдары тұтанған алаудың сөнгеніне 76 жыл өтсе де, әлі күнге дейін қыршыннан қиылған боздақтарын есінен бір сәтке де шығарған жоқ. Отбасын отағасынан, анасын баласынан ажыратқан қысылтаяң кез сыр сандықта ақтық дем қалғанша сақталары шүбәсіз.

Күні кеше перзентін құшағына басып, маңдайын иіскеген оғландарымыз қас-қағым сәтте дархан даланың шайқас алаңынан бір-ақ шықты. Ұлтының болашағы үшін жанын садаға етіп, қасық қаны қалғанша күресті олар. Жүрекке жебесін, санаға салмағын артқан аласапыран жылдардың шоғы әлі де маңайына жан жуытпайды. Ал жыл өткен сайын ерлерге деген құрмет арта түскенімен, олардың да қарасы арамыздан жәймен сөніп барады. Мына біз, кейінгі ұрпақтың өкінетініде осы.

Бүгінде ауданымызда Тәуелсіздіктің 30 жылдығының куәгері болған Ұлы Отан соғысының ардагері Қасен ата Шанбаев қана қалып отқаны көңілге қаяу ұялатады екен. Жасы тоқсанның тоғызына аяқ басқан ердің есінде бәрі бар. Ал аудан жұртшылығының отқа кеудесін тосқан ардагерге деген ықыласы тым бөлек

Біз бұған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 76 жыл толуына орай ардагерді арнайы құттықтай барған аудан әкімі Сәкен Арубаевтың сый-құрметінен анық аңғардық.

Бұл жолғы құттықтаудың өзгешелігі — ардагердің үйіне аудан өнерпаздары сонау зұлматты жылдарды еске түсіретін әуендерді кемеліне келтіре шырқап, қарияның көңілін көтертті. Аудан басшысы ардагерді осы кешті арнайы ұйымдастырылғанын айтып, сый-сияпатын ұсынып, миллион теңге көлемінде қаражатпен қолдау көрсетті.

– Қай халықтың болмасын ұлттық болмысында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету ғұрпы бар. Сол бір тамаша дәстүр күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Ел мүддесін бәрінен биік қойып, ұрпақ санасына тәлім сіңірген, жетеліге аталы сөз айтқан қарияларымыз бен оққа кеудесін тосқан оғландарымыздың ізі мен сипатты әңгімесі ешқашан көнермейді ата. Сіздер көзіміз көрген еліміздің қаһарманысыздар. Жеңістің алғашқы дәмін сезінген де, кейінгі ұрпаққа «қой үстіне бозторғай ұя салған» ғұмырды тарту еткен де, бүгінде шаттанып жүргеніміз де сіздердің арқаларыңызда. Ел ертеңі үшін ажалмен бетпе-бет келсеңіздерде, мойымадыңыздар. Ерліктің ерен үлгісін көрсете білдіңіздер. Біз, яғни, өскелең ұрпақ сіздердің аман-саулықтарыңызды Алла Тағаладан тілейміз. Бүгін жеңістің тәтті дәмін сездіретін әсем әуендер сіздің құрмеиіңізге, – деген Сәкен Қаланұлы ардагермен өткен-кеткенге ой жүгіртті.

Өз кезегінде сөз алған ардагер аудан басшысына шексіз ризашылығын білдіріп, өнерпаздармен бірге ән шырқады. Ақ батасын беріп, алғысын білдірді.
Бүгінде ардагердің 3 қызы мен 3 ұлының қатары 18 немереге, 37 шөбереге, 4 шөпшекке жетіп отыр. Ал қарияның денсаулығына қызы Қалия мен шөбересі Гүлбаршын қарайласып отыр.

Ардагермен кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Дәрмен Дәулет пен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов қатысып отырды.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Тегтер: Ардагержеңісқұрмет

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты