• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Америкада құрметтейді». Битбокстан әлем чемпионы болған оралдық Эльдар Габдуллин алдағы жоспарын айтты

turan_admin turan_admin
25.08.2021, 19:17
Азаматтық қоғам институттары, Қоғам
«Америкада құрметтейді». Битбокстан әлем чемпионы болған оралдық Эльдар Габдуллин алдағы жоспарын айтты
100
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ол алты жылдан бері битбокспен тұрақты түрде айналысады

Online World Beatbox Championship – хип-хоптың бір бағыты саналатын битбокстан жыл сайын әлемдік деңгейде өтетін чемпионат. Чемпионатта ауыз, ерін, тіл мен дауыс көмегімен әуен ойлап шығаратын өнерпаздар өзара сынға түсіп, өнер көрсетеді. Биыл ұйымдастырылған онлайн чемпионатта қазақстандық Эльдар Габдуллин бағын сынаған болатын. Оралдық жігіт әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 150-ге жуық битбоксер арасынан топ жарып, битбокстан әлем чемпионы атанды. Эльдардың жеңісін желі қолданушылары қызу талқылауда.

Azattyq Rýhy тілшісі қазақстандық битбоксермен хабарласып, чемпионат жайында толық ақпарат алды. Қазақстандағы битбоксинг бағыты мен отандық битбоксерлердің негізгі мәселелері жөнінде сұхбаттасты.

Эльдардың негізгі мамандығы — ағылшын пәні мұғалімі. 21 жастағы студент Орал қаласындағы Еуразия университетінде оқиды. Үш кезеңдік іріктеуден сүрінбей өткен өнерпаз, чемпионат жайында толық айтып берді.

«Жыл сайын әлемдік деңгейде битбокс конкурсы болады. Чемпионатты америкалықтар ұйымдастырады. Оның өтетіні жайында арнайы сайтынан білдім. Бұл жарысқа өткен жылы қатысқан едім. Жеңіліп қалдым. Бір жылдан кейін қателіктерімді түзеп, қайта бағымды сынап көруді шештім. Конкурс онлайн форматта өтті. Әртүрлі елден 150-ге жуық адам қатысты. Алғашқы кезеңде Youtube желісіне қысқа видео салу керек болды. Екінші кезеңге іріктелген 25 адам өттік. Іріктеуден өткендер арнайы онлайн платформаға қосылды. Қосымшада тікелей эфир арқылы тағы 2 минут өнер көрсеттік. 25 адамның ішінен бірінші орын алдым. Кейін 16 адам қалдық. Турнир басталды. Турнирде екі адамнан батлға шықтық. Алғашқы қарсыласым жапон азаматы болды. Баттлда жеңіп, ширек финал мен жартылай финалда Чилиден келген битбоксерлермен бәсекеге түстім. Осылайша, финалға өттім. Финалда Оңтүстік Африкадан келген битбоксермен кездесіп, жеңіп шықтым», — дейді Эльдар.

Аталған чемпионатқа Америка, Пәкістан, Түркия, Канада, Австралия мен Бразилиядан, Гавай, Жапония т.б елдердің өнерпаздары қатысқан.

«Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Әр елдің битбоксерлерімен танысып, олардың музыкалық идеясын, орындау мәнерін көрдім. Чемпионат кезінде әрбір битбоксер өз ойынан ауыз көмегімен түрлі дыбыс шығарып, әуен дайындайды. Берілген 90 секундта басы мен аяғы бар толық туынды шығару керек. Битбоксерлерге керегі ауыз бен микрофон ғана.

Негізі бала кезімнен музыкаға қызығушылығым жоғары болатын. Өлең айтып көрдім. Ойымнан шықпады. Арнайы инструментте ойнап көрейін деп шешіп, барабанды таңдадым. Өзіңіз білесіз, музыкалық инструменттер арзан тұрмайды. Сондықтан бұл ойымды да орындай алмадым. Кейін Youtube желісінен битбоксинг бағытындағы видеоларды көріп қызыға бастадым. Аз уақыттың ішінде үйреніп алдым. Битбоксингпен 2017 жылдан бері айналысып келемін. Алты жылдың ішінде біраз тәжірибе жинап алдым», — дейді битбоксер.

Ол қазақстанда битбокске қызығатындар көп болғанымен, үйрететін арнайы орталық пен курстың жоқ екенін айтады. Сондай-ақ Эльдар қазақстандық битбоксерлердің әлемдік деңгейге шыға алмай жүруінің негізгі себебін айтты.

«Битбокс, рэп, брейк-данс — барлығы хип-хоп бағытына кіреді. Өзіме Alem деген француз битбоксері ұнайды. Әзірбайжан битбоксердің де өнерін ұнатамын. Олардың өзіндік идеясы мен импровизациясы жақсы. Сондай адамдардың жұмысын қарап, тәжірибе жинаймын.

Қазақстанда битбокспен айналысатын, қызығатын балалар көп. Бірақ, олар көп жағдайда біреудің шығарған материалын қайталаумен ғана шектеліп қалады. Қарапайым адамдар түсінбегендіктен ажырата алмайды. Біріншіден, бұл біреудің еңбегін пайдалану, екіншіден, біреуді қайталап ірі баттлдарға шыға алмайсың. Өз дүниесін жасайтын қазақстандық битбоксерлер өте аз. Отандық битбоксерлер араласамыз. Басқа елдерде битбоксті үйрететін арнайы орталық, курстар бар. Өкінішке қарай, елімізде бұл бағытқа аса назар аударылмайды. Таланттар бар, бірақ тұрақты түрде айналыспаған соң дамымай қалады», — дейді ол.

Чемпионат жүлдегеріне 500 доллар көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалған. Эльдар өзіне берілген сертификаттың келу уақытын күтіп отырғанын айтты. Сондай-ақ ол келесі жылы Online World Beatbox Championship чемпионатында қазылық етеді.

«Америка елдерінде битбоксерлерге жоғары құрмет көрсетіледі. Тіпті, рэп деңгейінде тыңдалады. Сондай-ақ шет елдерде битбокстан түрлі чемпионаттар ұйымдастырылады. Өз еліндегі чемпионаттан өткен адам әлемдік деңгейдегі жарысқа ешқандай іріктеусіз қатыса алады. Бізде ондай мүмкіндік жоқ, сондықтан онлайн іріктеуден өтуге тура келеді. Алдағы уақытта  қазақстандық битбоксерлер арасында баттл ұйымдастырғым келеді. Себебі, бізде өнерлі жігіттер өте көп», — дейді Эльдар.

Ол битбокс бағытындағы әуенді орындау кезінде ұстану керек негізгі қағидаларға да тоқталды.

«Сырт көзге жәй ермек, ауыз жыбырлату болып көрінетін шығар. Бірақ оның өзіндік қиындықтары бар. Дем жеткізудің өзі үлкен жұмыс. Шаршап қалмас үшін тыныс алу мен оны шығару барысында тепе-теңдік ұстау қажет. Отырып алып, ауаны ауыз қуысына көп жинап алатындар әдетте демі жетпей қиналып қалып жатады. Егер тепе-теңдікті үйреніп алсаң, сағаттап әуен шығаруға болады.

Битбоксқа спорт ретінде қарауға болады деп ойлаймын. Мысалы, шахмат ойын болғанымен, спорт түріне жатады. Битбокста да түрлі дыбыстарды үйрену, қайталау, қосу, әуендету кезінде ауыз-қуысы бұлшық еттері жаттығады, дем алу жақсара түседі. Тыныс алу жолдарына үлкен септігін тигізеді. Сондай-ақ оны өнер ретінде қарауға болады. Ден қойып тыңдасаңыз, бас-аяғы бар құлаққа жағымды әуен. Кейбір битбоксерлердің жұмысын кәдімгі музыкадан ажырату қиынға түседі. ТМД менталитеті аталған бағытты толық қабылдаған жоқ. Көбі жаңа нәрсені түсінуге тырыспайды. Әрине, битбоксерлер тарапына түрлі пікір айтылады. Қолдап, тәнті болатындар да, қатты сынайтыдар да бар. Мүмкін, уақыт керек шығар», — дейді өнерпаз жігіт.

Талантты жігіт қазақстанда битбокстан чемпионат өткізуді армандайтынын айтып, алдағы уақыттағы жоспарымен бөлісті.

«Битбоксингті негізі хобби ретінде қарайтынмын. Чемпионаттан кейін ерекше шабыт алдым. Офлайн форматтағы баттлдарға барып көргім келеді. Тірідей көргеннің сезімі бір бөлек. Сахна, көрермен, қолдау — мұның бәрі шығармашылық адамға шабыт бермей қоймайды. Бүгінге дейін сондай баттлдарға барғым келіп талпынғаныммен, мүмкіндік болмады. Қаржы жағы да қинайды. Десе де, келесі жылы Польшада өтетін баттлға міндетті түрде барамын деп жоспарлап отырмын», — деді Эльдар.

Жазып алған: Сағыныш Ибрагим, Нұр-Сұлтан

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.