• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 04:19
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Алик Шпекбаев Мемлекет басшысының жаңа Жолдауын жүзеге асыру аясындағы Агенттіктің негізгі міндеттерін атап өтті

turan_admin turan_admin
22.10.2018, 18:46
Қазақстан жаңалықтары
Алик Шпекбаев Мемлекет басшысының жаңа Жолдауын жүзеге асыру аясындағы Агенттіктің негізгі міндеттерін атап өтті
131
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 

2018 жылдың 19 қазан күні бірқатар қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алқа отырысы өтті.
Өз сөзін Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықтан азат, азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдірудегі Агенттіктің міндеттеріне арнады.
Атап айтқанда, бюджеттік шығындарды оңтайландыру мен үнемдеу негізінде жаңа жүйе аясында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру жайы айтылды. Бұл кепілді және бәсекеге қабілетті ақы төленетін, тұтас мемлекеттік аппаратты құруға ықпал етеді.
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бірқатар қосалқы функцияларын Агенттіктің базасында құрылған Бірыңғай қызмет көрсету орталығына көшіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Одан бөлек, төраға мемлекеттік қызметшілердің жұмыстары мен жеке өмірі арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселелеріне тоқталды. Оның пікірінше, барлық мемлекеттік органдарда икемді жұмыс уақыты мен жұмыс күнінің соңында компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйесі енгізілуі керек.
Мемлекеттік қызметкерлерді электрондық құжат айналымы жүйесіне қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін зерттеу қарастырылады.
А. Шпекбаев: «Жаппай «бұлттық» технологиялар енгізіліп жатқанда, біз бүгінге дейін қызметкерлерді кабинетке байлау арқылы жұмысқа жаппай жұмылдыруға себепкер боламыз және басқару шешімдерін қабылдау үрдісінде қажетсіз әуре-сарсаңға саламыз».
Кадрлық саясатты жетілдіру мақсатында конкурстық іріктеуді жүзеге асыру уақытын қазіргі 50 күннен 15 күнге дейін қысқартуына мүмкіндік беретін үш кезеңнен екі кезеңдік конкурстық іріктеуге көшу ұсынылуда.
Заманауи тәжірибеге бағдарланған курстар негізінде жаңа формация басшыларын оқыту бағдарламаларын дайындау мен енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Елбасы Жолдауындағы тезис аясында мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту қажеттігі бойынша Агенттік төрағасы барлық орталық және аумақтық құрылымдардың басшыларына facebook әлеуметтік желісінде арнайы парақшаларды ашуды тапсырды.
А. Шпекбаев: «Бұл азаматтардың нақты мәселелерін қадағалауға, сіздердің жұмыстарыңыздың ашықтықтығын қамтамасыз етуге және клиентке бағдарлануына мүмкіндік береді».
Агенттіктің қызметін цифрландыру жағдайында жақын арада екі жаңа өнім ұсынылатын болады:
— Азаматтарға ХҚКО-да, мемлекеттік кіріс, емханаларда және басқа да мемлекеттік мекемелерде қызмет көрсету сапасы туралы Агенттікке хабарлауға мүмкіндік беретін «Сандық агент» мобильді қосымшасы;
— Астана қаласының тұрғындарына бюджет қаражатының жұмсалуын дербес бақылауға мүмкіндік беретін Астанадағы қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы.
Агенттік Төрағасы тағайындалған адамдардың тарапынан сыбайлас жемқорлық үшін бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін енгізу мәселесіне ерекше тоқталды.
А. Шпекбаев: «Егер басшы өзі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтап, оларды болдырмау және алдын алу бойынша жан-жақты шаралар қабылдаса, ешқандай тәртіптік шара қолданбайды. Бірақ егер мұндай фактілер құзыретті органдар тарапынан анықталса және олар жүйелі сипатқа ие болса, онда жауапкершілікті басшылар өз мойнына алу керек болады».
2019 жылдың басынан бастап «Астана-Адалдық Алаңы» жобасының негізінде әзірленген «Сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар» бағдарламасы іске қосылады.
Бұл мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, ашық бюджеттер, басшылардың жеке жауапкершілігі, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы және басқа да көрсеткіштер арқылы аймақтық мемлекеттік органдардың кең ауқымды «қайта қалпына келуіне» мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру аясында Агенттіктің күш-жігері азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықта жаңа «өсу нүктелерін» әзірлеуге бағытталатын болады.
А. Шпекбаев: «Осы салада неғұрлым ҮЕҰ-дар мен белсенділер көп болса, соғұрлым тезірек біз әлеуметтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетке ие боламыз».
Қазіргі таңда жалпы сомасы 6 трлн. теңгені құрайтын 162 бизнес сүйемелденген «Бизнес және инвестицияны қорғау» жобасының жетістіктері аталып өтті.
А. Шпекбаев: «Жоба тиімді және бұған дәлел жобаға қосылған бірде бір инвестор мемлекеттік органдармен соттық дауға түспеді».
Осы және басқа да мәселелер арнайы мониторингтік тобының өкілі Рахым Ошақбаевтың, қоғамдық кеңес өкілі — Владимир Коломийцевтің және басқа да спикерлердің сөз сөйлеулерінде көтерілді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

09.11.2026, 13:03
ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

08.11.2026, 12:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.