• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
12.09.2026, 04:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында жылдық қуаты 300 мың тонна мыс балқытатын зауыт салынады

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов және China Nonferrous Metal Mining Co. Ltd. Директорлар кеңесінің төрағасы Си Чжэнпин мыс саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Turan Redaktor Turan Redaktor
03.06.2024, 18:39
Қазақстан жаңалықтары
Абай облысында жылдық қуаты 300 мың тонна мыс балқытатын зауыт салынады
38
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Кездесу нәтижесінде ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен жылдық қуаты 300 мың тонна болатын мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойылды. Келісімге тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін «Kaz Minerals Smelting» ЖШС, технологиялық жабдықты жобалау және сатып алу қызметтерін жеткізуші компания China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. (NFC), сондай-ақ құрылыс және іске қосу-жөндеу жұмыстарының мердігері «NFC Kazakhstan» ЖШС компаниялары арасында қол қойылды.

Зауыт Абай облысындағы Ақтоғай кентінің маңында салынады. Шикізат көзі Бозшакөл және Ақтоғай тау-кен байыту кешендерінің, «Шығыстүстімет» ЖШС байыту фабрикаларының мыс концентраты болмақ. Зауыт құрылысының қорытындысы бойынша әлемдегі ең ірі мыс кеніштерінің бірін және қазіргі заманғы мыс балқыту өндірісін біріктіретін кластер құрылатын болады. Алдын ала құны $1,5 млрд болатын жобаның пайдалану кезеңінде 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жоба 2028 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Жоғары технологиялық өнім шығаратын кәсіпорын республикадағы ең ірі өндіріс орнына айналмақ. Мыс балқыту өндірісі саласында қолданылатын технологиялар әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.

Кәсіпорын нарықтың құрамында мыс бар шикізат пен катодты мыс өңдеуге деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Айта кету керек, катодты мыс электр энергетикасында, машина жасауда және басқа да өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар жаңа зауыт тазартылған алтын, күміс және күкірт қышқылын шығаруды жоспарлап отыр.

«Мемлекет басшысы орнықты экономикалық өсім міндетін қойды. Жаңа мыс балқыту зауытының құрылысы – елімізде өндірілетін мыс шикізатын қайта өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік беретін және экономикаға елеулі үлес қосатын ірі индустриялық жоба. Мыс саласы біздің өнеркәсіптің басым секторларының бірі және біз үшін оның қарқынды дамуы өте маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Company Ltd («Non Ferrous China») – акциялары Шэньчжэнь қор биржасында айналымдағы, мемлекет бақылайтын компания. Халықаралық жобалау мердігерлеріне және түсті металдар ресурстарын әзірлеуге қатысады. NFS Қытайдан тыс жерлерде түсті металдарды өндіру және өңдеу бойынша тау-кен активтеріне инвестиция салған алғашқы Қытай компаниясы, сонымен қатар ҚХР-да тау-кен жобаларына иелік етеді. Әлемнің 20-дан астам елінде іскерлік қызмет жүргізеді. NFC Kaz Minerals-дың Бозшакөл, Ақтоғай және Бозымшақ жобаларында жетекші мердігер болды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: Абай облысызауытОлжас Бектенов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00
Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00
Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23
Тегін берілуі ​​тиіс 26 000-нан астам қаптама дәрі заңсыз сатылған

Тегін берілуі ​​тиіс 26 000-нан астам қаптама дәрі заңсыз сатылған

10.09.2026, 18:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.