• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
Advertisement
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Ақордада Президенттің атынан ауызашар берілді

07.04.2023
0
Ақордада Президенттің атынан ауызашар берілді
62
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ауызашарға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, дәрігерлер мен мұғалімдер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, мәдениет қайраткерлері, құтқарушылар мен еңбек адамдары шақырылды.

«Баршаңызды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Ораза қабыл болсын!

Рамазан айы – күллі мұсылман қауымы үшін ерекше уақыт. Жамағат осы айда ізгі амалдар жасап, мол сауапқа кенеледі.

Біз былтыр Ақордада алғаш рет арнайы дастарқан жайып, ауызашар бердік. Бұл бастама өз жалғасын табуда. Бүгін менің атымнан әрбір облыста жұртшылыққа ауызашар беріліп жатыр»

«Қазақстан – өз геосаяси аймағында осындай ауқымды реформалар жасап жатқан бірден-бір ел. Жаңартылған Конституция және елімізде болып жатқан өзгерістер – осының айқын дәлелі.

Біз осы реформаларды, жалпы айтқанда, осы саясатты міндетті түрде жалғастырамыз. Алдымызда тұрған негізгі мақсат – егемендігімізді нығайту және ұлттық мүддемізді қамтамасыз ету.

Сондықтан еліміз халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде жалғастыра береді, сыртқы саясатымыз әрдайым дербес болады. Біз мұның бәріне мызғымас бірліктің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Қандай қиын болса да, бұл жолдан таймауымыз керек. Алға қарай қадам бассақ қана, жолымыз ашық болады. Осылайша, Қазақстан, шын мәнінде, өркениетті, жасампаз және озық ел болмақ»

«Қазақтың әдет-ғұрпы әрдайым ізгілікке шақырады. Әрбір салттың терең тәрбиелік мәні бар. Мысалы, ақсақалдарымыз жастарға батасын береді. Жастарымыз үлкеннің алдын кесіп өтпейді, құрметін көрсетеді, ешкімнің ала жібін аттамайды.

Халқымыз қашанда қыз баланы сыйлап, қадірлеген. Мұның бәрі дәстүрлі ислам құндылықтарымен тығыз үндеседі. Осыны жастарға түсіндіру қажет.

Жұрттың діни сауатын арттыру керек. Азаматтарымыз шынайы исламның құндылықтарын білуге тиіс. Сол құндылықтарды халық арасында түсіндіріп, дәріптеу қажет. Әсіресе өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген жөн. Көзі ашық, көкірегі ояу, білімді, санасы сергек ұрпақ ұлтқа адал қызмет етеді»

«Хакім Абай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дегенін білесіздер. Ұлы Абайдың бұл сөзі ұлт ұстанымына айналды.

Біз ұлттық мәдениетті дамытуымыз керек. Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл – мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз.

Жалпы ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты»

«Бәріміз де – мұсылман баласымыз. Хақ дініміздің құндылықтарын білеміз. Оны сақтауға, өмірлік ұстаным етуге тырысамыз.

Қазіргі жаһандық ахуалды баршаңыз көріп отырсыздар. Бұл ахуал аса күрделі, тіпті қауіпті десек қателеспейміз. Сын-қатерлер өте көп. Мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттер жетіспей жатыр. Адамзат үшін өте қауіпті бұл үрдісті тоқтатуға бәріміз күш салуымыз керек. Ол үшін осы асыл қасиеттерді әрқайсымыз жүрегімізде сақтауымыз қажет деп санаймын. Сондай-ақ оны күнделікті іс-әрекетпен, көркем мінезбен көрсеткен абзал. Меніңше әр мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының мән-маңызы – осында.

Баршаңызға амандық тілеймін!
Еліміздің береке-бірлігі арта берсін!
Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!»

Дереккөз: t.me/aqorda_resmi

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

28.02.2020
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

2
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

1
Ербол Қарашөкеев Азияда қоласын еншілеген жамбылдық Асланбек Шымбергеновті құттықтады

Ербол Қарашөкеев Азияда қоласын еншілеген жамбылдық Асланбек Шымбергеновті құттықтады

03.10.2023
Жамбылдық полицейлер жастарды есірткі сатушылармен бірлесіп күресуге шақырды

Жамбылдық полицейлер жастарды есірткі сатушылармен бірлесіп күресуге шақырды

03.10.2023
Президент «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына барды

Президент «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына барды

03.10.2023
InDrive және Яндекс жүргізушілеріне сегіз сағаттан артық рөлде отыруға тыйым салынуы мүмкін

InDrive және Яндекс жүргізушілеріне сегіз сағаттан артық рөлде отыруға тыйым салынуы мүмкін

03.10.2023
Елімізде биыл өнеркәсіп саласында жаңа 170 жоба іске қосылады

Елімізде биыл өнеркәсіп саласында жаңа 170 жоба іске қосылады

03.10.2023
Премьер-Министр жол-көлік оқиғаларын алдын-алу шараларын қатаңдатуды тапсырды

Премьер-Министр жол-көлік оқиғаларын алдын-алу шараларын қатаңдатуды тапсырды

03.10.2023
Бүгін Азия ойындарында жамбылдық Асланбек Шымбергенов жартылай финалда жұдырықтасады

Бүгін Азия ойындарында жамбылдық Асланбек Шымбергенов жартылай финалда жұдырықтасады

03.10.2023
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2023. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский