Сайлауалды бағдарлама
Құрметті сайлаушылар, қадірлі жерлестер!
Мен Талас ауданының дамуына үлес қосу үшін депутаттыққа кандидат болып отырмын. Мен үшін депутаттық — тұрғындардың өтінішін тыңдап, олардың ұсыныстарын мәслихатқа жеткізу және көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету жауапкершілігі. Сіздердің сенімдеріңізге ие болсам, депутаттық өкілеттігім аясында алты бағыт бойынша жұмыс істеймін.
1. Ауыл инфрақұрылымы және абаттандыру
- Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру жөніндегі тұрғындардың ұсыныстарын мәслихатта көтеремін.
- Ауызсу, электрмен жабдықтау және интернет сапасына қатысты мәселелерді жауапты мекемелерге жеткіземін.
- Балалар ойын алаңдары мен қоғамдық демалыс орындарын жақсарту жобаларын қолдаймын.
2. Білім және тәрбие
- Мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, балалардың қауіпсіз әрі сапалы білім алуына жағдай жасау мәселелерін көтеремін.
- Балалардың шығармашылық, спорттық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған үйірмелер мен жобаларды қолдаймын.
3. Жастарды қолдау және жұмыспен қамту
- Жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға және олардың кәсіптік білім алуына бағытталған жобаларды қолдаймын.
- Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және жастардың ауданның қоғамдық өміріне белсене араласуына ықпал етемін.
4. Әйелдер мен отбасыларды қолдау
- Көпбалалы және әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың мәселелерін тиісті органдар алдында көтеремін.
- Әйелдердің кәсіп ашуына және кәсіби дағдыларын дамытуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдаймын.
- Ана мен баланың құқықтарын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған шараларға атсалысамын.
5. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау
- Ауылдық медициналық нысандардың жағдайын жақсарту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелерін көтеремін.
- Егде жастағы тұрғындар мен мүгедектігі бар азаматтардың қажеттіліктерін ескеріп, әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындардың өтініштерін тиісті органдарға жеткіземін.
6. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік
- Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бастамаларды қолдап, шаруалар мен кәсіпкерлердің жұмысындағы кедергілерді шешуге ықпал етемін.
- Жер, су және жайылымға қатысты мәселелерді жауапты органдар алдында көтеремін. Жергілікті өнім өндірушілердің бастамаларын қолдаймын.
Тұрғындармен байланыс және ашық есеп
Тұрғындармен тұрақты кездесіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін қараймын. Көтерілген мәселелер, жауапты органдардан алынған жауаптар және шешілу барысы туралы ашық есеп беріп отырамын. Ауданға қатысты шешімдер талқыланғанда тұрғындардың пікірін ескеруге және қоғамдық бақылауды күшейтуге атсалысамын.
Халықпен бірге – ел игілігі үшін!
Құрметпен,
Көлбаева Жазира Әбдірәсілқызы
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС
Тапсырыс беруші: Ж. Ә. Көлбаева.
№10 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







