Әліпбай Айдынбек Әділбекұлы
Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына қарасты Майтөбе ауылдық клубынын үйірме жетешісі 1997 жылы 30 маусымда Талас ауданы Майтөбе ауылында дүниеге келген
Білімі:
2018 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжін “Музыкалық білім беру” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2018 – 2019 жылдары аралығында Қарынбай Қошманбетов атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған
2020 — 2021 жылы Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған.
2023 жылдың тамыз айынан бастап Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына қарасты Майтөбе ауылдық клубынын үйірме жетекшісі қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 3 ұл, тәрбиелеп отыр.
Сайлауалды бағдарлама
Құрметті сайлаушылар, қадірлі жерлестер!
Менің мақсатым — №5 округ тұрғындарының ұсыныстарын мәслихатта көтеріп, елді мекендердегі күнделікті тұрмысқа қатысты мәселелердің шешілуіне ықпал ету. Сіздердің сенімдеріңізге ие болсам, депутаттық өкілеттігім аясында мына бағыттар бойынша жұмыс істеймін.
1. Жол, ауызсу және көше жарығы
Тұрғындармен бірге жөндеуді қажет ететін жолдарды, ауызсу жүйесін жаңарту керек аумақтар мен жарықтандырылмаған көшелерді анықтаймын. Кезек күттірмейтін жұмыстарды аудандық бюджетке енгізу жөнінде ұсыныс беремін.
2. Жұмыспен қамту және ауыл кәсіпкерлігі
Жұмыс іздеп жүрген тұрғындардың кәсіптік оқуға және жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуына ықпал етемін. Шағын кәсіп ашқысы келетін азаматтарға және шаруашылық иелеріне қолдау шаралары туралы ақпарат жеткізуге атсалысамын.
3. Білім, спорт және әлеуметтік қызметтер
Балалар мен жасөспірімдерге арналған үйірмелер мен спорт секцияларын көбейту жөніндегі бастамаларды қолдаймын. Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен әлеуметтік нысандарда кедергісіз орта қалыптастыру мәселелерін тиісті органдар алдында көтеремін.
4. Тұрғындармен байланыс және ашық есеп
Тұрғындармен тұрақты кездесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тиісті органдарға жеткіземін. Қандай мәселелер көтерілгені, оларға қандай жауап берілгені және шешілу барысы туралы ашық есеп беріп отырамын.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС
Тапсырыс беруші: А. Ә. Әліпбай.
№5 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







