2026 жылғы 29 қарашада өтетін аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты Жамбыл облысының Талас, Сарысу және Мойынқұм аудандарында депутаттыққа үміткерлер белгілі болды, деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.
📍 Талас ауданы – 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 40 кандидат.
📍 Сарысу ауданы – 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 43 кандидат.
📍 Мойынқұм ауданы – 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 45 кандидат.
Осылайша, үш аудандағы 36 сайлау округі бойынша барлығы 128 кандидат ұсынылған.
Үміткерлер қатарында саяси партиялар ұсынған азаматтармен қатар, өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға қатысуға ниет білдірген азаматтар да бар.
📌 Кандидаттардың толық тізімі, олардың жұмыс орындары, лауазымдары және ұсынған тараптар туралы мәліметтер TURANINFO.KZ ақпарат агенттігінің сайтында жарияланды.
🌐 TURANINFO.KZ — ақпарат агенттігі

























