• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.11.2026, 19:58
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда «Жазушымен бір күн» акциясына 2975 оқырман қатысты

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әдебиетті насихаттау, оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру және қаламгерлердің шығармашылық мұрасын кеңінен таныту мақсатында «Жазушымен бір күн» жобасы жүзеге асырылуда.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
26.10.2026, 22:42
Мәдениет
Таразда «Жазушымен бір күн» акциясына 2975 оқырман қатысты
10
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жоба аясында жыл басынан бері 156 іс-шара ұйымдастырылып, 2975 оқырман қамтылды. Аталған бастама аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-танымдық кештер, поэзия сағаттары, жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, мәнерлеп оқу шаралары және түрлі мәдени-әдеби кездесулер ұйымдастырылды. Кітапхана ұжымы қаламгерлердің шығармашылық мұрасын насихаттауға, оқырман мен әдебиет арасындағы байланысты нығайтуға және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге басымдық берді.

Жоба аясында ақын, жазушы, драматург, ұстаз Әдібай Табылдиевтің 100 жылдығына орай «Жырлайды жүрек» әдеби-танымдық кеші өткізілді. Кездесуде қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, әдебиет пен білім саласына қосқан үлесі кеңінен насихатталды.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі», белгілі қаламгер, сатирик, балалар ақыны Бақытжан Советұлының 60 жас мерейтойына арналған «Сөзбен түйреп, оймен түзеу» әдеби-сазды кеші де оқырмандарға қаламгердің шығармашылық әлемін жақынырақ тануға мүмкіндік берді. Ал ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Нұржан Науатбекұлының шығармашылығына арналған «Өмірім – өлеңім» поэзия кешінде ақын жырларының мазмұны мен көркемдік ерекшеліктеріне назар аударылды. Сондай-ақ ақын Серік Томановтың 70 жылдық мерейтойына орай «Арылмас мұңым бар менің…», «Келте ғұмыр, мәңгілік жыр» атты әдеби шаралар ұйымдастырылды. Кештерде ақынның шығармашылық мұрасы мен поэзиясының тағылымдық мәні дәріптелді.

Жоба аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, көрнекті ақын Күләш Ділдәқызы Ахметованың 80 жылдық мерейтойына да ерекше көңіл бөлінді. Ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныту мақсатында «Поэзия жауһары», «Өнерімді еліме арнаймын», «Жүрегі мейірімге толы», «Өлең сөздің патшасы», «Сыршыл поэзия иесі — Күләш Ахметова», «Күләш жыры — көңілдің айнасы», «Қазақ қызы — ұлттық болмыстың айнасы Күләш Ахметова», «Поэзияның ақ гүлі», «Көрнекті ақын», «Күләш Ахметова — поэзияның ұлы шебері», «Күләш жыры — нәзіктік пен биіктік» атты әдеби кездесулер өткізілді. Бұл шаралар ақынның сыршыл жырларын оқырманға кеңінен танытып, оның ұлттық әдебиеттегі орнын айшықтауға бағытталды.

Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Ілия Жақановтың 90 жас мерейтойына арналған іс-шаралар да мазмұндық тұрғыдан ерекшеленді. «Тербеледі тың дала» атты ғұмырнамалық кеш, «Әнімен елін тербеткен», «Өмір еді өлеңімнің ұраны», «Ұлттың ұлағаты — Ілия Жақанов», «Қазақ өнерінің жанашыры» атты әдеби-музыкалық кездесулер арқылы өнер қайраткерінің шығармашылық жолы мен ұлттық музыка мәдениетіне қосқан үлесі насихатталды. Сонымен қатар ақын, жазушы Баймаханбет Ахметтің 70 жас мерейтойына орай «Ақын да бір құс», «Қаламы төселген қаламгер» атты әдеби кештер ұйымдастырылды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айша Көпжасарованың 85 жасқа толуына байланысты «Өмірді өлеңмен өрнектеген», «Өлең — жүрек үні» атты кездесулер өткізіліп, ақын шығармашылығының көркемдік сипаты мен әдеби мұрасының маңызы таныстырылды.

Тұрсынкүл Ентайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «Жапырақтар оқитындай бізге өлең» және ақын, сазгер Тынышбай Рақымның 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Сезімтал жүрек» атты әдеби-сазды шаралар да жобаның мазмұнын толықтырды. Мұндай кездесулер қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен танытып, олардың туындыларына деген оқырман қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, кітапханада жаңа кітаптардың тұсаукесері, мәнерлеп оқу шаралары, «Жыр сандық» әдеби бағдарламалары, ашық аспан аясындағы әдеби-әуенді кештер, әдеби аялдамалар, библиофрештер, әдеби монтаждар, библиоквесттер мен поэтикалық мозаикалар ұйымдастырылды. Сондай-ақ әдеби-сазды еске алу кештері, поэзиялық кездесулер, қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығына арналған портреттік шаралар және сыр кештері өткізілді.

«Жазушымен бір күн» жобасы — қаламгерлер мұрасын ұлықтап, әдебиетті оқырманға жақындата түсетін маңызды бастамалардың бірі. Жоба аясындағы 156 іс-шараның 2975 оқырманды қамтуы кітапхананың әдеби-мәдени бағыттағы жұмысының ауқымын көрсетеді. Осындай кездесулер арқылы оқырманның көркем әдебиетке қызығушылығы артып, ұлттық сөз өнеріне деген құрмет қалыптасады. Сонымен бірге рухани сабақтастықты сақтау мен әдеби мұраны келер ұрпаққа жеткізуге жол ашылады.

 

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

 

Тегтер: акцияЖазушымен бір күноқырман
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51
«Цифрлық инклюзия: тең мүмкіндік» облыстық байқауы өтті

«Цифрлық инклюзия: тең мүмкіндік» облыстық байқауы өтті

12.11.2026, 10:42
Филармония өнерпаздары студент жастарға мерекелік концерт тарту етті

Филармония өнерпаздары студент жастарға мерекелік концерт тарту етті

11.11.2026, 01:12
«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кітап талқылау кездесуі өтті

«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кітап талқылау кездесуі өтті

10.11.2026, 12:35
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

«Цифрлық инклюзия: тең мүмкіндік» облыстық байқауы өтті

12.11.2026, 10:42

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.