• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:51
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Құт дарыған шаңырақ: Газ саласындағы Асановтар әулетінің өнегелі жолы

Отбасы – мейірім мен тәрбиенің, береке мен бірліктің алтын бесігі. Ұлттық құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа ата-ана өнегесі арқылы жалғасады. Осындай еңбек пен татулықты ту еткен өнегелі әулеттің бірі – Асановтар отбасы.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
12.07.2026, 00:45
Абырой
Құт дарыған шаңырақ: Газ саласындағы Асановтар әулетінің өнегелі жолы
20
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сүгірбай ата мен Қыздығой әжейден тараған алты перзент бүгінде жеке шаңырақ көтеріп, елге сыйлы әулетке айналған. Асановтар әулетінің ерекшелігі – бірнеше буынның газ саласында табысты еңбек етуі. Бұл кәсіпке адалдық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен әулет мүшелері өңір тұрғындарын көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз ету жолында ұзақ жылдар бойы аянбай қызмет етіп келеді.

Әулеттің үлкені, QazaqGaz-дың құрметті еңбек ардагері Режеп Сүгірбайұлы еңбек жолын 1967 жылы Жамбыл газ шаруашылығы басқармасында үйренуші слесарь болып бастаған. Ол сол кезеңде облысқа газ енді ғана келіп, сала енді қалыптасып жатқанын еске алады.

– Газ шаруашылығында алғаш еңбек еткен қазақтардың бірі болдым. Ұжымдағы өзге ұлт өкілдерінің арасында мамандықты меңгеру оңай болған жоқ. Бірде тәлімгерім газ колонкасын әдейі өзіме қалдырып кетті. Бар күшімді салып, құрылғыны қайта құрастырып, іске қостым. Сол сынақтан кейін ғана өзімді нағыз маман ретінде дәлелдей алдым. Бұл еңбек жолымдағы ең үлкен мектеп болды, – дейді ардагер.

Әулеттің тағы бір өкілі Құсанбай Асанов 1983 жылдан бері газ саласында еңбек етеді. Ол егемендіктің алғашқы жылдарындағы қиын кезеңдер мен табиғат апаттары кезінде халықты газбен қамтамасыз ету жолындағы қызметін ерекше еске алады.

– Газ тапшылығы болған жылдары тұрғындарды мүмкіндігінше газсыз қалдырмауға тырыстық. Қатты аязда да, дауылды күндері де тәулік бойы еңбек еттік. 2013 жылғы күшті дауылдан кейін Қаратау қаласындағы зақымданған газ желілерін қалпына келтіруге қатысып, тұрғындардың алғысына бөлендік. Қазір 42 жылдан бері осы салада еңбек етіп келемін, – дейді ол.

Отбасындағы еңбек дәстүрін келіні Ақерке Жақыпова жалғастырып келеді. Ол 2007 жылдан бері газ операторы ретінде абоненттердің тұтынған газының есебін жүргізіп, төлемдердің уақытылы орындалуын қадағалайды.

– Әрбір шаңыраққа көгілдір отынның үздіксіз жетуі – біздің басты міндетіміз. Өз ісімді жақсы көремін, өйткені бұл халыққа қызмет етудің бір жолы, – дейді ол.

Режеп Сүгірбайұлы отбасы құндылықтарын да ерекше бағалайды. Жұбайы Тасбибі ұзақ жылдар кітапхана саласында еңбек етіп, төрт перзент тәрбиелеп өсірген. Балаларына адал еңбек пен жақсы мінездің маңызын үнемі насихаттап келеді. Ардагердің жадында сақталған ерекше оқиғалардың бірі – қазақтың көрнекті сазгері Шәмші Қалдаяқовпен кездесуі.

– Бір күні кабинетіме Шәмші Қалдаяқов келді. Баласының үйіне газ жүргізу мәселесі туындаған екен. Мамандармен бірге барып, құжаттарды қарап, талаптарды түсіндірдік. Техникалық шешімін тауып, үйге газ қосуға мүмкіндік жасадық. Шәмші ағамыздың қарапайымдылығы мен кісілігі есімде мәңгі сақталды. Мұндай тағылымды кездесулерді балаларыма үнемі айтып отырамын, – дейді ол.

Бүгінде Асановтар әулеті еңбекқорлықтың, кәсібіне адалдықтың және отбасы бірлігінің үлгісіне айналды. Ғасырға жуық уақытқа жалғасқан еңбек жолында олар өңірдің газ саласының дамуына елеулі үлес қосып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қызмет етті. Көп жылғы адал еңбегі мемлекеттік және салалық марапаттармен бағаланған әулет үшін ең үлкен құндылық – татулық, бірлік және ел игілігіне қызмет ету. Осындай өнегелі отбасының еңбек жолы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Асановтар отбасыгазеңбек адамы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.