• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанның IOAI 2026 ұлттық құрамасына Тараздың үш оқушысы енді

07.07.2026
0
Қазақстанның IOAI 2026 ұлттық құрамасына Тараздың үш оқушысы енді
164
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы International Olympiad in Artificial Intelligence (IOAI 2026) халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың ресми тізімін жариялады. Қуанышты жаңалықтың бірі – ұлттық құраманың құрамына Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үш оқушысы енді.

Биыл әлемдік деңгейдегі беделді олимпиада алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылмақ. 2–8 тамыз аралығында Астанада өтетін додаға әлемнің 100-ден астам елінен 600-ге жуық дарынды мектеп оқушысы қатысады.

Ұлттық құраманы іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды. 25 маусым мен 4 шілде аралығында Астанада өткен AI Training Camp оқу-жаттығу жиынына AI Olymp 2026 ұлттық іріктеуінің үздік 15 оқушысы қатысты. Он күндік дайындық барысында қатысушылар машиналық оқыту, жасанды интеллект, бағдарламалау және деректерді талдау бойынша тереңдетілген білім алып, халықаралық олимпиада форматына сай практикалық тапсырмаларды орындады.

Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша Қазақстан намысын қорғайтын сегіз оқушы анықталды.

Ұлттық құраманың құрамы

Бірінші команда:

  • Сұлтанби Исатай (Қарағанды облысы);
  • Даужан Бекетов (Алматы);
  • Әбу Қанабек (Алматы);
  • Исламнұр Хусаинов – Жамбыл облысы, Тараз қаласы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Екінші команда:

  • Әлем Аменов (Абай облысы);
  • Жәнібек Қасымқан (Жетісу облысы);
  • Дінмұхаммед Ынтықбай – Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
  • Ұлықбек Усманов – Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Осылайша, Жамбыл облысынан үш оқушының ұлттық құрамаға енуі өңірдегі дарынды жастардың әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Сонымен қатар ұлттық құраманың бірінші командасы 14–19 шілде аралығында Румынияда өтетін EUROAI 2026 Еуропалық жасанды интеллект олимпиадасына қатысып, халықаралық тәжірибе жинақтайды.

Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының бас хатшысы Данабек Қалиаждаровтың айтуынша, жасанды интеллект саласындағы дарынды жастарды қолдау – елдің технологиялық болашағына салынған инвестиция.

«Жасанды интеллект бүгінде әлемдік технологиялық дамудың негізгі қозғаушы күштерінің бірі. AI Training Camp оқу-жаттығу жиыны ұлттық іріктеуден өткен ең үздік оқушыларды халықаралық олимпиада талаптарына сай дайындауға мүмкіндік берді. Биыл IOAI олимпиадасының Қазақстанда алғаш рет өтуі – еліміз үшін үлкен жауапкершілік әрі Қазақстанның жаһандық AI қауымдастығындағы беделінің артып келе жатқанын көрсететін маңызды оқиға», – деді ол.

Айта кетейік, IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы 2–8 тамыз аралығында Астанада өтеді. Олимпиада барысында қатысушылар машиналық оқыту мен жасанды интеллект бағытындағы күрделі практикалық тапсырмаларды орындап қана қоймай, білім беру және мәдени бағдарламаларға да қатысады.

Turaninfo.kz редакциясы Жамбыл облысының намысын қорғайтын Исламнұр Хусаиновқа, Дінмұхаммед Ынтықбайға және Ұлықбек Усмановқа халықаралық додада сәттілік тілейді.

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzДінмұхаммед ЫнтықбайИсламнұр ХусаиновТараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үш оқушысыҰлықбек Усманов

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

01.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты