Фокус-топтың негізгі мақсаты – өңірдегі діни ахуалды жан-жақтызерттеу, тұрғындардың діни сауаттылық деңгейін анықтау, қоғамдағыөзекті мәселелер бойынша пікірлерді зерделеу және жүргізілетінәлеуметтік зерттеудің сапасын арттыру болып табылады.
Құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, теологтар, дінтанушылар, қоғам белсенділері, сарапшылар және азаматтық қоғаминституттарының мүшелері енген фокус-топ зерттеу жұмыстарыныңнегізгі бағыттарын айқындап, әдістемелік ұсынымдар әзірлейді. Сонымен қатар, зерттеу барысында алынған мәліметтерді талдауғажәне қорытынды нәтижелерді бағалауға қатысады.
Жоба аясында облыстың барлық аудан-қалаларын қамтитын ауқымдыәлеуметтік сауалнама жүргізу жоспарланған. Зерттеу нәтижелеріөңірдегі діни ахуалдың қазіргі жай-күйін анықтауға, халықтың дінимәселелерге қатысты көзқарасын бағалауға және профилактикалықжұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Фокус-топтың алғашқы отырысында жобаның мақсат-міндеттерітаныстырылып, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың жоспарыталқыланды. Қатысушылар зерттеудің ғылыми негізділігі мен объективтілігін қамтамасыз ету, халықтың түрлі әлеуметтік топтарыныңпікірлерін қамту және алынған нәтижелерді тәжірибеде тиімдіпайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды.
Мамандардың пікірінше, мұндай зерттеулер өңірдегі қоғамдықтұрақтылықты нығайтуға, діни саладағы профилактикалық іс-шаралардың сапасын арттыруға және мемлекеттік саясаттыңтиімділігін бағалауға ықпал етеді.
Айта кетейік, жоба аясында жүргізілетін барлық зерттеу жұмыстарығылыми әдістерге негізделіп, респонденттердің жеке деректерініңқұпиялығы толық сақталатын болады.







