• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Цифрландыру жаңа деңгейге көтерілуде

Облысымызда цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – мемлекеттік қызметтерді халыққа барынша қолжетімді ету, басқару жүйесін оңтайландыру және тұрғындардың өмір сапасын арттыру.

21.06.2026
0
Цифрландыру жаңа деңгейге көтерілуде
133
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мәселен, «Smart City – Smart Region» бағыты аясында өңірде цифрлық жобалар кезеңкезеңімен жүзеге асырылуда. 2024 жылғы Жол картасына 27 жоба енгізіліп, 2025 жылы оның 14-і толық орындалды. Нәтижесінде облыс «Ақылды қалалар» рейтингінде 17-орыннан 11-орынға көтерілді. 2026–2030 жылдарға арналған жоспар бойынша Тараз қаласы мен аудандарда цифрлық бастамалар жалғасуда. Өңірде тиімділігін дәлелдеген негізгі жобалар қатарында iKomek109 бірыңғай диспетчерлік қызметі, «Tulpar» электрондық көлік төлем жүйелері, жасыл кеңістіктердің сандық есебі және бейне аналитика элементтері бар бейнекамералардың жыл сайынғы ұлғаюы қолға алынған.

Мемлекет басшысының 2026 жылғы 9 маусымдағы Жарлығымен бекітілген «Digital Qazaqstan» стратегиясы елімізде цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуге жаңа серпін берді. Құжат аясында экономиканың негізгі салаларын цифрлық трансформациялау, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және технологиялық тәуелсіздікті нығайту міндеттері айқындалған. Өңірде e-Jambyl өңірлік геоақпараттық жүйе сі де кеңінен қолданылуда. Бұл жүйе электрондық қызметтерді автоматтандырып, деректерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бүгінде жер қатынастары саласындағы 2 мемлекеттік қызметтер толық цифрлық форматқа көшіріліп, 3000- нан астам өтініш электронды түрде қабылданған. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 19 қызмет онлайн жүйеге ауыстырылып, тұрғындар жеке шот ашу, тұрғын үйдің меншік иесі ауысқан жағдайда шарттарды қайта рәсімдеу, тіркелген тұрғындар саны туралы мәліметтерді өзгерту және басқа да көптеген қызметті үйден шықпай-ақ ала алады.

Сонымен қатар, аталған жүйе арқылы «Әулиеата жастары» бағдарламасы жүзеге асырылып, 2022–2025 жылдары 500- ден астам жас баспанамен қамтамасыз етілді. «Smart Mine» жобасы арқылы жер қойнауын пайдаланушылар есептерін электронды түрде тапсырды. Сондай-ақ сайлау кезеңдерінде қажетті ақпаратты онлайн алу мүмкіндігі қарастырылған. Жүйеде өңірлік аналитикалық модуль жұмыс істейді. Ол халық саны, жер қоры, қылмыс деңгейі және басқа да маңызды көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде талдауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта e-Jambyl жүйесі аясында азаматтармен өзара әрекеттесу процестерін автоматтандыруға бағытталған жасанды интеллект шешімдері енгізілуде.

Атап айтқанда, iKomek109 қызметіне келіп түсетін қоңырауларды талдайтын жүйе мен азаматтарға арналған ЖИ-ассистент бір ортақ экожүйенің құрамдас бөлігіне айналуда. Екі шешім де тұрғындардың өтініштерін өңдеу жылдамдығын арттыруға және кері байланысты сапалы ұйымдастыруға бағытталған. Жасанды интеллект технологиялары қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру және мемлекеттік басқару салаларына да енгізілуде. Бет-әлпетті тану, ауруларды ерте анықтау және цифрлық көмекшілер осы бағыттағы негізгі жобалар қатарында. Жас мамандарды даярлау жұмысы да күшейтілуде. IT және жасанды интеллект саласы бойынша кадр дайындау мақсатында жоғары оқу орындары мен оқу орталықтарымен бірлескен жобалар іске асырылуда.

Осы бағытта Tomorrow School оқу орталығында жасанды интеллект мектебі ашылды. Сонымен қатар Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «ЖИ инновациялар академиясы» зертханасы мен «Даму зертханасы» білім беруөндірістік кластері іске қосылды. Жалпы алғанда, облыста цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, өңірдің заманауи цифрлық дамуына берік негіз қалыптастыруда. Бүгінгі таңда 353 елді мекеннің 265-і, 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. Талшықтыоптикалық байланыс желісі 357 елді мекеннің 189-ында бар. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2023– 2027 жылдарға арналған жол картасы бекітілген.

2023–2025 жылдары 208 елді мекенді 4G деңгейіне жеткізу жоспарланған, оның 152-сінде жұмыстар аяқталды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 76 жаңа базалық стансалар орнатылып, 102 станса жаңғыртылды. Республикалық автожолдар бойында антенна-діңгек құрылыстары салынуда. Шақпақ ата–Отар және Мойынқұм ауданындағы жолдар бойында жаңа стансалар орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жыл соңына дейін басталады.

Сонымен қатар өңірде мобильді байланыс сапасын арттыру мақсатында интернет желісі әлсіз қамтылған аумақтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде Тараз қаласында 36 «ақтаңдақ» анықталып, оларды жою бойынша байланыс операторларымен бірлескен жұмыстар қолға алынды. Қазіргі таңда бірқатар нүктелерде байланыс сапасын жақсарту шаралары жүзеге асырылып, жаңа антенна-діңгек құрылыстарын орналастыру жұмыстары жалғасуда. 5G технологиясын енгізу аясында «Мобайл ТелекомСервис» ЖШС Тараз қаласында 61 базалық стансасын іске қосты. Бұл жаңа буын байланыс желісінің қамту аумағын кеңейтіп, мобильді интернет жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ цифрлық сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындар үшін байланыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.

 

Гүлпара ТАШЕНОВА

облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: Даму зертханасыҚолжетімді интернетцифрландыру

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты