• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 02:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ербол Қарашөкеев Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
19.06.2026, 10:30
Облыс жаңалықтары
Ербол Қарашөкеев Шу ауданының тұрғындарымен кездесті
14
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.

Аймақ басшысы өз сөзінде облыс экономикасында оң өсім сақталып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, 2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 3,3 трлн теңгеге жетіп, өсім 4,9 пайызды құраған.

Сондай-ақ экономиканың негізгі салаларында тұрақты даму байқалады. Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 20,6 пайызға, құрылыс жұмыстары 27,3 пайызға, көлік саласы 17,5 пайызға және сауда көлемі 4 пайызға артқан.

Инфрақұрылымды дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Облыс бойынша елді мекендердің барлығы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, тұрғындардың 91,8 пайызы табиғи газға қол жеткізген. Электр желілерін жаңғырту және коммуналдық жүйелердің тозуын азайту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Шу ауданында да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер оң нәтижелер көрсетуде. Жыл басынан бері негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 108,3 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 361,1 пайызға жеткен. Бұл ауданға инвесторлар қызығушылығының жоғары екенін және инвестициялық жобалардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Бүгінде ауданда жалпы құны 1 триллион теңгеден асатын 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 10 жоба іске қосылып, 11 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған бастамалар жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауданның өндірістік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Шу ауданындағы маңызды жобалардың бірі – республикалық маңызы бар «Шу – Қайнар» автожолын күрделі жөндеу. Құны 21 миллиард теңгені құрайтын жобаның аясында жолдың 56 шақырымы жаңғыртылуда. Бұл көлік қатынасының сапасын арттырып, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасайды.

Білім беру саласында биыл 9 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде үш мектепке күрделі жөндеу жүргізілсе, Жайсан және Жаңақоғам ауылдарында жаңа мектептер салынып жатыр. Сонымен қатар төрт білім нысанына қосымша ғимараттар тұрғызылуда.

Кездесу барысында облыс әкімі өткен жылы берілген бірқатар тапсырмалардың орындалу барысын сынға алып, жауапты сала басшылары мен аудан әкімінің орынбасарларына нақты тапсырмалар берді. Әсіресе заңсыз құм өндіру фактілері, Шу қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізу жұмыстарының кешеуілдеуі, Отбасын қолдау орталығын ғимаратпен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

— Мен әлеуметтік желілерде жарияланатын бейнематериалдарды тұрақты түрде бақылап отырамын. Шу ауданында тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін өзекті мәселелердің бірі – заңсыз құм карьерлері мен құм өндіру деректері. Сондықтан бұл заңсыз әрекеттерге тосқауыл қойып, аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелеу және бақылауды күшейту қажет,-деді облыс әкімі.

Сұрақ-жауап бөлімінде тұрғындар ауылішілік көшелерді жөндеу, орталық стадионды жаңғырту және спорт алаңшаларын көптеп салу, жарық мәселесін, инфрақұрылымды жақсарту секілді мәселелерді көтерді. Облыс әкімі әрбір сұраққа жан-жақты жауап беріп, көтерілген ұсыныстар мен өтініштердің назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Жиын соңында Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Тегтер: облыс әкіміТұрғындармен кездесушу ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58
Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

12.11.2026, 10:34
Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.