• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.11.2026, 20:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әулиеаталық қаламгер арулардың «Інжу-маржан» жинағы жарық көрді

”Анаға тағзым” Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығында «Amanat» партиясының Әйелдер қанатының қолдауымен көрнекті ақын, журналист, аудармашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған «Махаббатты қорғауға шақырамын!» тақырыбында әдеби ән-сазды кеші ұйымдастырылды.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
22.04.2026, 16:55
Облыс жаңалықтары
Әулиеаталық қаламгер арулардың «Інжу-маржан» жинағы жарық көрді
65
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл кеш ақынның шығармашылық мұрасын ұлықтау, оның рухына тағзым ету, өңірдегі қаламгер қыздардың еңбегін кеңінен насихаттау, поэзия мен руханияттың құндылығын дәріптеу, кітап оқу мәдениетін дамыту, сондай-ақ жас қаламгерлердің шығармаларын көпшілікке таныстыру мақсатында өткізілді.

Кешке өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, сөз өнерінің саңлақтары – ақын-жазушылар мен әдебиет майталмандары, «Amanat» партиясы жанындағы әйелдер қанатының өкілдері, ақын Күләш Ділдәқызының өмірлік серігі, белгілі ақын Қайырбек Зәйтенұлы Асанов, ақынның құрбылары мен оның ізін жалғап келе жатқан ақын-жазушы сіңілілері, қоғам белсенділері, замандастары, курстастары және өмір жолында үзеңгілес болған аяулы жандар қатысты.

Әдеби кеш «Көктем вальсі» мектеп оқушыларының би ансамблінің әсерлі биімен ашылды. Шара барысында зиялы қауым өкілдері мен қонақтар ақын шығармашылығы туралы ой-пікірлерін білдіріп, жүрекжарды лебіздерін арнады. Атап айтқанда, Жамбыл облысы әкімдігінің аппарат басшысы Лесбек Ілебаев кештің ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, Күләш Ахметованың қазақ поэзиясындағы ерекше орнын атап өтті. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікова ақынмен байланысты естеліктерімен бөлісіп, оның шығармашылығының тереңдігін жеткізді. Сондай-ақ, «Жаңару» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев пен Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «Ғұмыр-дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов ақын туралы естеліктерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

«Анаға тағзым» облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали жоба авторы ретінде жинаққа енген қаламгер қыздардың шығармашылығына тоқталып, ізгі тілегін жеткізді.

Кеш аясында «Анаға тағзым» орталығынан құрылған «Інжу-маржан» қаламгер қыздар кеңесі мүшелерінің шығармалары топтастырылған «Інжу-Маржан» жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Жинақтың тұсауын ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова, ақын, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғайни Әлімбекқызы және «Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанаты басшысының кеңесшісі Рахия Тұрмаханбетова бірге кесіп, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Тұсаукесерден соң сахна төрі ақын қыздардың – ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұлдыз Бейсек пен ақын, журналист Арайлы Жақсылықтың жыр шашуымен ұласып, кештің көркін аша түсті.

Кеште Күләш Ахметованың сөзіне жазылған әндер мен ақын поэзиясынан оқылған шығармалармен жалғасын тапты. Атап айтқанда, №66 орта мектебінің талантты оқушылары мен №45 мектеп-гимназиясының оқушысы Бағжан Берген ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, поэзияның көркемдік қуатын көрермендерге жеткізді. Ақынның сөзіне жазылған «Нағашыма» әнін Нұргүл Мусали әсерлі орындаса, «Жақсылықтың бағасы» әнін К.Әзірбаев атындағы филармониясының әншілері Ғани Мәтебаев пен Айгүл Мақашова жоғары деңгейде шырқап, кештің мазмұнын байыта түсті. Ал Кентау Назарбектің «Сен қазақсың!» әнін Орынбасар Бақытұлы орындап, көрерменнің зор қошеметіне ие болды.

Тегтер: ӘулиеатаІнжу-маржанқаламгер арулар
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58
Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

12.11.2026, 10:34
Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.