Әлеуметтік желілер мен ата-аналардың чаттарында белгісіз ер адамның қыз баланы күштеп көлікке отырғызуға әрекет жасағаны түсірілген видео таралуда
Оқиға Жамбыл облысында болған. Кадрларда мектеп оқушысын көлікке отырғызуға әрекет жасалғаны көрінеді, алайда өтіп бара жатқан адам араласып, баланы алып кетуге жол бермеген.
Өңірдің Жамбыл облысы полиция департаменті мәліметінше, 13 жастағы мектеп оқушысын екі ер адам ұрламақ болған. Сол сәтте ол автобус аялдамасында тұрған.
Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері жетті. Күдіктілер ізін суытпай ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.







