• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Цифрлық дәуірге технократпен бірге гуманитар да қажет Жұлдыз Сүлейменова

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматыда Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажетті ғылым» ІІ Халықаралық жас ғалымдар конгресіне қатысты

12.12.2025
0
Цифрлық дәуірге технократпен бірге гуманитар да қажет  Жұлдыз Сүлейменова
34
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Конгресте сөз сөйлеген министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мектептерде ғылымға қызығушылықты ерте жастан қалыптастыру, ғылыми зерттеулер жасау, балалардың новаторлық, ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық, кадрлық әлеуетті арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстанда ғылыммен айналуысуға ынталандыруға басымдық берілуде, жуырда ғана Мемлекет басшысы халықаралық беделді ғылыми байқауларда жеңіске жеткен оқушылар мен олардың педагогтеріне мемлекеттік сыйақы тағайындау туралы заңға қол қойды. Біз шалғай ауылдардағы мектептерде де ғылым дамыса дейміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептерінің» инфрақұрылымында зияткерлікті дамытуға бағытталған заманауи түрлі пәндік, тақырыптық зертханалар құрылып, балаларға ғылымды тереңірек зерттеуге жағдай жасалуда. Бұл мектептер барлық бала үшін мүмкіндіктер алаңына айналды. Ғылым негіздеріне баланы ерте жастан баулу арқылы жаһандық білім мен ғылым бәсекесіне қабілетті сапалы адами капитал қалыптастырылады», — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оқу-ағарту министрі әсіресе, ауыл мектептеріндегі педагогикалық ұжымның біліктілігін арттыру, институттармен, оқу орындарымен және өндірістік сектормен бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ынтымақтастық үшін нақты платформа қалыптастыру мәселелеріне де тоқталып өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Министрлік зерттеу жұмыстарын күшейту, бірлескен жобаларды іске асыру және білім беру процесіне инновацияларды кіріктіру бағытында Ғылым академиясымен меморандумға қол қойған болатын.

«Цифрлық дәуірде елімізде мамандандырылған мектептер желісін дамытудың маңызы артып келеді. Назарбаев интеллектуалдық, Республикалық физика-математика мектептері секілді оқу ошақтарында жастарды ғылымның белгілі бір салаларына тереңірек бағыттап жатырмыз. Бұдан бөлек біз гуманитарлық бағыттағы мектептердің желісін қалыптастыруды да назарда ұстаймыз. Сол себепті Абай мектептерінің әлеуетін арттыруға күш салудамыз. Цифрлық дәуірде тек технократтардың ғана емес, гуманитария саласындағы терең білімі бар ғалымдардың да жаңа буынын қалыптастыру отандық орта білім саласы үшін өзекті», — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сөз соңында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жас ғалымдарды ынтымақтастыққа, Келешек мектептерінде, Абай мектептер желісінде, ауылдарда жұмыс жасауға, білім саласын бірлесіп дамытуға атсалысуға шақырды.

Айта кетейік, биыл 36 халықаралық олимпиада мен ғылыми жарыстарға қатысқан 1 657 қазақстандық оқушының 922-сі, яғни әрбір екінші қатысушы жүлделі орынмен оралды. Нәтижесінде, қазақстандық оқушылар 177 алтын, 329 күміс және 416 қола медаль иеленді. Қазақстан құрамасының First Global Challenge робототехника чемпионатында 190 елдің ішінен төртінші мәрте әлем чемпионы атануы биылғы жылдың елеулі жетістіктерінің бірі болды.

Тегтер: Жұлдыз Сүлейменова

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты