• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мұғалім еңбегін бағалау бойынша әлемде екінші орында тұр – министр Жұлдыз Сүлейменова

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Академиялық адалдық лигасының «Адал білім – адал ұрпақ» республикалық форумының аясында білім беру жүйесінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мәселелерін талқылауға қатысты

10.12.2025
0
Қазақстан мұғалім еңбегін бағалау бойынша әлемде екінші орында тұр – министр Жұлдыз Сүлейменова
19
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылған шараға Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, жоғары оқу орындарының ректорлары, орта білім ұйымдарының өкілдері мен сарапшылары қатысты.

Министр Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған ауқымды реформалардың нәтижесінде білім беру ұйымдарында педагогтер мен оқушылар үшін қолайлы жағдай жасалғанын, бұған дәлел ретінде халықаралық TALIS 2024 зерттеуінің бағалауында қазақстандық педагогтердің еңбек жағдайын жақсарту бойынша ілгерілеудің бар екендігін айтты.

«TALIS 2024 халықаралық зерттеу қорытындысына сәйкес, Қазақстан педагогтердің еңбегін бағалау бойынша әлем елдерінің арасында екінші орында, мектептегі ішкі ахуал да жылдан жылға жақсарып келеді. Бұл жетістіктер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласындағы реформаларының тиімділігін айқындайды», — деді министр.

Сондай-ақ Жұлдыз Сүлейменова білім саласын инфрақұрылымдық, сапалық, мазмұндық жаңғырту, кадрлық әлеуетті арттыру, академиялық адалдықты қамтамасыз ету бағытындағы негізгі жұмыстарға тоқталды.

«Қазіргі уақытта педагогтер мен оқушылар арасында жасанды интеллектті тиімді қолдану мәдениетін қалыптастыру, адалдық қағидаттарын сақтау және бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізу өзекті мәселе. Академиялық адалдықты нығайту, оны жаңа технологиялар дәуіріндегі білім беру үдерісінің өзегіне айналдыру – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Себебі, ол – білім сапасының, жауапты азамат қалыптастырудың және елдің болашақ дамуының негізгі тірегі», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Форум аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Академиялық адалдық лигасы арасында академиялық адалдықты дамытуды қарастыратын меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, меморандумды іске асырудың 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.

Тегтер: Жұлдыз Сүлейменова

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты