«Көріп отырғанымыздай, вирустық аурулардың маусымы басталды.
Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, көмекке жүгінген азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын бақылауға алуды тапсырамын»,
— деп атап өтті Премьер-министр.
Олжас Бектенов қажет болған жағдайда стационарларда қосымша орындар ашып, жылжымалы мобильді бригадалар жұмысын ұйымдастыруға дайын болу қажеттігін атап өтті.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Дәріханалардың барлығында вирусқа қарсы препараттар қажетті мөлшерде болуы тиіс.
Сондай-ақ вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.
Бақылау денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жүктелді.







