• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 02:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Құрметке лайық жан

turan_admin turan_admin
16.03.2017, 15:25
Облыс жаңалықтары
Құрметке лайық жан
263
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қала әкімі Рүстем Дәулет Наурыз мерекесі қарсаңында дүние есігін ашқан үшемнің ата-анасын құттықтап, сыйлық жасады.
Үшем облыстық перинаталдық орталықта 8 ақпан күні дүниеге келген. Үшеуі де ұл бала. Шерхан, Дархан және Ерхан есімді бүлдіршіндер аталған орталықтың акушер-гинекологтарының көмегімен 30 апта 6 күн мерзімінде кесір тілігі отасы арқылы дүние есігін ашқан. Туғанда салмақтары 1400, 1490 және 1495 грамм болған. Ерте туылғандықтан, сәбилерге бірден шұғыл медициналық көмек көрсетілген. Оларға жасанды тыныс беру, инкубаторларға жатқызу, дәрі-дәрмек, түтікше арқылы тамақтандыру қажет болғандықтан, интенсивті терапия бөліміне жатқызылған. Жағдайлары тұрақталған соң, нәрестелер патология бөліміне ауыстырылып, анасының жанына беріліпті. Бүгінгі күні үшемдердің жағдайлары қалыпты. Күн санап салмақ қосып келеді екен. Туғалы 37 тәулік ішінде үшемдердің бірінші сыңары Дарханның салмағы –2122, Шерханның салмағы – 2106, ал ең кішілері Ерханның салмағы 2340 грамға дейін жеткен.
Үшем – әскер қызметкер Мақсат Иманбетов пен Аиданың тұла бойы тұңғыштары. Олар алғашқы перзенттерін жеті жыл бойы күтіпті. Осы уақыт аралығында нәрестелердің анасы Аида Жебегенова өзіміздің облыс пен Алматы қаласындағы медициналық орталықтардан ем қабылдаған. Сәбилерін табиғи жолмен көтерген. Жүктілік кезінде дәрігерлердің қатаң бақылауында болыпты.
– Аллаға шүкір, перзенттерімді аман-есен босанып алдым. Нәрестелі болуы үшін жылдап қаралып, ем қабылдадық. Дәрігерлердің дұрыс нұсқауының арқасында бойыма бала бітіп, қуанышты күйге жеттім. Облыстық перинаталдық орталықтың басшылары мен дәрігерлеріне алғысым шексіз. Қазір жағдайым өте жақсы. Балаларым да салмақ қосып, өсіп келеді, – дейді жас ана Аида Жебегенова.
Жас ананы арнайы құттықтап барған шаһар басшысы Рүстем Дәулет оған гүл шоғын табыс етіп, құттықтады. Сондай-ақ әр нәрестеге балалар арбасын сыйлап, қолы ашық демеушілердің атынан материалдық көмек ретінде қаржылай сый-сияпат көрсетті. Үшемдердің жағдайымен танысқан қала әкімі олардың дендеріне саулық тілеп, еліміздің тұтқасын ұстайтын атпал азаматтары болсын деген жылы лебізін білдірді.



Облыстық перинаталдық орталық бас дәрігерінің генетология ісі жөніндегі орынбасары Талғат Толықбаевтың айтуынша, нәрестелер мен анасының денсаулығы бірқалыпты. Бүгінде орталықтан үйіне шығу үшін дайындалып жатыр екен.
Аталған орталықта өткен жылы 167 егіз және 1 үшем дүние есігін ашыпты. Ал биылғы жылдың екі айында 24 егіз және бір үшем дүниеге келген.

Шынболат Сейдуалиев

Тегтер: анаатаДәулетРүстемРысбайұлыүшем
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58
Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

12.11.2026, 10:34
Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.