• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:29
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұлттық құрылтай – қоғамды өзгертетін алаң

Turaninfo.kz тілшісі Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, “Мүгедек жастар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, “АСАР” Мүгедектерді оңалту орталығының басшысы, Ұлттық құрылтай мүшесі Әйгерім Дәулетбаевамен сұхбаттасқан еді. Ол құрылтай жұмысының ерекшеліктері, қоғамдағы өзекті мәселелер және инклюзивті білім беру жайлы ойымен бөлісті.

turan_admin turan_admin
03.09.2025, 18:29
Абырой, Табысты әйелдер
Ұлттық құрылтай – қоғамды өзгертетін алаң
60
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

– Биылғы Ұлттық құрылтай сіз үшін несімен есте қалды?

– Бұл құрылтай мен үшін ерекше болды. Өйткені алғашқы Ұлытауда өткен жиыннан бастап белсенді түрде қатысып келемін. Биыл мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайын, олардың білім алу құқығы мен қоғамға бейімделу мәселесін көтердім. Президентіміз де осы бағытта заңнамалық өзгерістер енгізуді тапсырды. Бұл – біз көптен күткен қадам. Себебі білім алу – әрбір балаға ортақ құқық, ал ерекше қажеттілігі бар балаларға бұл әлі де шектеулі.

– Жамбыл облысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған инфрақұрылым қаншалықты дамыған?

– “Аманат” партиясымен бірге «Кедергісіз келешек» жобасы аясында тұрақты мониторинг жүргіземіз. Жағдайды жақсарту үшін арнайы мекемелерге барып, ұсыныстар береміз. Бірақ, өкінішке қарай, облыстағы инфрақұрылым толық шешімін тапқан жоқ. Әлі де пандус, жеделсаты секілді ең қарапайым қолжетімділіктің өзі жеткіліксіз. Бұл тек әлеуметтік салаға ғана емес, құрылысқа жауапты органдарға да міндет болуы тиіс.

– Инклюзивті білім беру жағдайы қалай?

– Жаңа мектептер салынғанымен, олар толықтай инклюзивті білім беруге лайықталмаған. Арнайы мекемелердің тапшылығы байқалады. Белгіленген төрт мектептің өзі ескі ғимараттар, қажетті инфрақұрылым жоқ. Балалардың көбін үйде оқытады, ал бұл сапалы білім беруге кедергі. Сондықтан балаларды қатарластарымен бірге оқытуға жағдай жасау қажет. Бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне де көмектеседі.

– Жастардың білім алу мен жұмысқа орналасу мәселесі жөнінде не айтасыз?

– Бұл да күрделі мәселе. Үйде білім алған балалардың ҰБТ-да қиналатыны, ЖОО-да да қиындыққа тап болатыны рас. Мысалы, Тараз университетінде шамамен 160 студент инклюзивті білім алып жатыр, бірақ мектеп бағдарламасын толық меңгермегендіктен, оқу қиынға соғады. Үйде оқыту жүйесін қайта қарау қажет. Ал жұмысқа орналасу үшін арнайы бағдарламалар мен мүмкіндіктер көбірек ашылуы тиіс.

– Құрылтайда жастардың тәрбиесі мен құндылықтары туралы айтылды. Сіздің пікіріңіз қандай?

– Жастарға ең алдымен ұлттық құндылықтарды, қоғам алдындағы жауапкершілікті сіңіру маңызды. Бауырмалдық, үлкенге құрмет, адалдық, еңбекқорлық қасиеттерін дәріптеуіміз керек. Тарихымызды, мәдениетімізді білу – ұлттық сананың негізі. Жаһандану дәуірінде технология жастарды басқа бағытқа жетелеп кетуі мүмкін, сондықтан ұлттық болмыс пен адамгершілікті қатар сақтау маңызды.

– Ұлттық құрылтай жұмысына қатысудың сіз үшін маңызы қандай?

– Бұл алаң – үлкен тәжірибе. Мұнда әркім өз ұсынысын еркін жеткізе алады. Мемлекеттік органдардың ғана емес, қарапайым азаматтардың да пікірлері ескеріледі. Мен де мүмкіндігі шектеулі балалардың мәселесін жеткіздім. Бұл тек талқылаумен шектелмей, нақты шешім қабылдауға жол ашады.

– Құрылтай шешімдерінің орындалуын қалай тиімді етуге болады?

– Ұсыныстарды нақты іске айналдыру үшін жауапты органдар мен мерзімдер көрсетілуі тиіс. Қадағалау жүйесі керек. Сонда ғана құрылтай тек пікірталас емес, нақты өзгеріс әкелетін алаң болады. Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, нашақорлық, лудомания мәселелері бойынша заңдарға өзгерістер енгізілгенін көріп отырмыз. Бұл – құрылтайдың тиімділігін көрсетеді.

– Келесі құрылтайда қандай тақырып көтерілсе дейсіз?

– Қаржылық сауаттылық тақырыбы. Қазір көп адам өз қаржысын дұрыс басқармайды, ал алаяқтық әрекеттер көбейіп барады. Жастар да бұл тұрғыда жиі қателеседі. Сондықтан халықты қаржылық сауатқа баулу, құқықтарын қорғау мәселесі көтерілуі қажет.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпарат тапсырысы негізінде жарияланды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.