Тараз қаласының №2 сотында қоғамдық көлік жүргізушісі мен полиция қызметкеріне күш қолданғаны үшін С.Далбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды.
Үкімге сәйкес, С.Далбаев қоғамдық тәртіпті, қоғамды құрметтемей, қоғамдық орында бола тұра №16 автобус жүргізушісіне балтамен бірнеше рет соққы жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген.
Сонымен қатар жоғарыдағы жасаған қылмысы үшін полиция бөліміне жеткізілген уақытта өз қызметтік міндеттерін атқарып жатқан Тараз қаласы Полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген.
Сот С.Далбаевты ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінде және 380-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.






