• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Ана тілі – ең басты байлығымыз

Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсінеді.

27.06.2025
0
Ана тілі – ең басты байлығымыз

Фото: gov.kz

11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Сондай-ақ қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-рухани байлықтарды да адам ана сүтімен бірге қабылдап, туған тілі арқылы игілігіне пайдаланады. Кез келген ұлттың тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізгі қатынас құралы – тіл. Тіл болмаса, сөз де болмайды. Сөз болмаса, адамзаттың тірлігінде мән-мағына да болмайды. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Ана тілдің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуі үшін әрбір саналы адам қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін, тілін білуге міндетті. Сондықтан халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі, баға жетпес қазынасы – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті болып табылады. Сол себепті кез келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғап, дамыта түседі.

Тегеуріні мықты тіліміздің құнарлы қазынасы бізге бабалардың қаны мен  жаны арқылы мирас болып жеткені бәрімізге мәлім. Ал енді қазақ еліне тән рухани құндылықты, ұлттық рухты, шұрайлы тілімізді сақтап қалу, оны дамыту мен өркендету қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі болуы шарт. Еліміз еңсе тіктеп егемендік алғалы бері, қазақ тілінің мәртебесін асқақтату мен оның қолдану аясын кеңейту тәуелсіз елдің күн тәртібінен түскен емес. Өйткені тіл – біздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз секілді елдігіміздің басты белгілерінің бірі.

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында  көптеген іс-шаралар өткізіліп, бірқатар бағдарламалар қабылданды. Бұдан басқа мемлекеттік тілдің дамуының іргетасын қалаушы стратегиялық құжаттар да аз емес. «Тіл туралы» заңда мемлекеттік тіл еліміздің бүкіл аумағында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі екені нақтыланған. Мемлекеттік тілді дамыту саясаты бұл ел ісі, жұртшылық жанашырлығы және күнделікті өмір сүру үлгісімен өрілген өнегелі іс әрекеттер арқылы шешіледі.

Тіл саясатының басты бағыттарының бірі – оны бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау. Тіл туралы тіл жанашырларының жанайқайы баспасөз беттерінде көптеп жариялануда. Мемлекеттік тіл саясатының нәтижелі жүзеге асырылуы азаматтық қоғамның қолдауымен ғана мүмкін болмақ және бұл үрдіске жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың араласуы жақсы нәтиже берері сөзсіз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақастан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың «негізгі кілті» болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін»,-деген Мемлекет басшысының сөзі ата-бабадан баға жетпес мұра болып қалған, шексіз бай қазақ тілінің жойылып кетпей, жаңа деңгейде дамуына себепкер болады деп білемін.

Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі болуы керек. Ел мерейін асқақтатқан тіліміз, мәдениетіміз жоғалмас үшін қасиетті рухты ана тілімізді құрметтеп, болашақ ұрпақтың тәрбиесіне сіңіруіміз қажет.

Мемлекеттік тілдің дамуы өзімізден бастау алары хақ.

 

Балжан Мусаева, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы-сот отырысының хатшысы

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облысында азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын ілгерілетуге бағытталған жоба аясындағы алғаш тренинг өткізілді

Жамбыл облысында азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын ілгерілетуге бағытталған жоба аясындағы алғаш тренинг өткізілді

27.06.2025
«Қорғас» кеден бекетінде пара беру әрекеті тоқтатылды

Балабақшаларда педагогтердің еңбекақысы өсті

27.06.2025
Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов

Мемлекет өз міндеттемелерін толық көлемде орындап жатыр — Олжас Бектенов

27.06.2025
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

27.06.2025
БАӘ Жамбыл облысында екі жел электр станциясын салады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

27.06.2025
АЭС құрылысын қай ел жүргізеді?

АЭС құрылысы қашан аяқталады?

27.06.2025
Ана тілі – ең басты байлығымыз

Ана тілі – ең басты байлығымыз

27.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты