• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тіл – халық қазынасы

Тіл – әрбір халықтың баға жетпес қазынасы, оның рухани мұрасы мен болмысының айнасы.

turan_admin turan_admin
16.06.2025, 11:47
Абырой
Тіл мәртебесі – ел мерейі

Фото: gov.kz

123
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тіл – ұлттың жаны, оның тарихы мен мәдениетінің негізі. «Тіл – ұлттың тірегі» деген сөз бекер айтылмаған. Себебі тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа білім, тәрбие, салт-дәстүр, дүниетаным, таным-түсінік, тарих пен мәдениет беріледі. Сондықтан да тіл – халықтың ең басты байлығы, мәңгілік мұрасы.

Қай халық болмасын өз ана тілін қадірлеп, сақтауға тырысады. Себебі тіл жоғалса, ұлт та жойылады. Атақты түрік ғалымы Махмұд Қашқари: «Тіл – халықтың жаны. Тілі жоғалған халық – өзі де жоғалады», – деген екен. Осыдан-ақ тілдің адам өміріндегі, ұлт тағдырындағы орнын аңғаруға болады.

Қазақ тілі – түркі тілдер тобына жататын, әлемдегі ең бай, көркем де көрнекті тілдердің бірі. Ол – ата-бабамыздың бізге қалдырған асыл мұрасы. Қазақ тілі арқылы біз Абайдың, Махамбеттің, Жамбылдың, Мұқағалидың мұрасын ұғынып, солардың сөз өрнегі арқылы ұлттық болмысымызды қалыптастырамыз.

Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік тіл –қазақ тілінің мәртебесін көтеру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік мекемелер мен білім беру орындарында қазақ тіліне басымдық беріліп, жастардың ана тіліне деген құрметін арттыруға баса назар аударылып келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында, «Тіл туралы» Заңның 4-бабында: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігі тайға таңба басқандай көрсетілген.

Басқа мемлекеттік органдармен қатар еліміздің сот жүйесі де мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізуде көбейту – басты ұстаным ретінде қарастырады.

Сонымен қатар сот қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді дамыту бағытында түрлі семинар-тренингтер, кездесулер өткізіліп келеді.

Тілді қорғау әрі дамыту ең алдымен өзімізден бастау алынып, мемлекеттік деңгейде іске асырылуы қажет.

Бүгінгі жаһандану мен цифрлық технологиялар дәуірінде тіл бұрынғыдан да аса қамқорлық пен қолдауды қажет етеді. Тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде емес, ойлау мен таным тетігі ретінде де түсінуіміз керек. Адам өз тілімен ойлайды. Сондықтан тіліміз қаншалықты бай болса, ой-өрісіміз де соншалықты терең болмақ. Демек, ана тілімізді сақтау – тек мәдени емес, зияткерлік те міндет.

Қорытындылай келе, тіл – халықтың өткені мен бүгінінің, болашағының темірқазығы.

Тілді сақтау – елді сақтау, рухты сақтау. Сол себепті әрбір азамат ана тіліне құрметпен қарап, оны көзінің қарашығындай сақтау керек. Себебі, тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны мен жүрегі.

 

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған сотының жетекші маманы Д.Бабаханова

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.