Қазақстан мен Еуропа Одағы виза талаптарын өзара оңайлату туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Келіссөздер жүргізу мандатын Еуропа Одағына мүше мемлекеттер мақұлдап, Еуропалық комиссияға ұсынған.
«Бұл келісім бойынша келіссөз өтінішті қарау мерзімін қысқарту, талап етілетін құжаттар тізімін азайту, виза төлемін азайту, қолданылу мерзімі ұзағырақ бірнеше виза алу мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ, өтініш берушілердің жеңілдік санаттарын енгізу сияқты шараларды қамтиды», — деп жауап берді СІМ Tengrinews.kz-ке.
Сыртқы істер министрлігі келісімге қашан қол қойылатынын хабарлаған жоқ. Нақты күні Еуропа тарапымен келіссөз аяқталғаннан кейін анықталады. Өзгерістер тараптар ішкі рәсімдерді орындағаннан кейін күшіне енеді.