• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыста 40 ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізіледі

19.03.2025
0
Облыста 40 ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізіледі
63
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысында биыл 40 ветеринариялық пункттің құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаев облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде айтты.

Жиында ветеринария саласында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы мақсат-міндеттер сараланды.

2025 жылы ветеринария саласына 4,6 млрд. теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылығы жануарларына 16,5 млн. вакцина егу, бруцеллезге тексеру үшін 5,6 млн. қан сынамасын алу жоспарланып отыр.

Биыл 1,4 млн. бас төл бірдейлендіріледі деп күтілуде. Бүгінде 210 мың 730 бас төлдің мәліметтері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізілді.
Қазіргі таңда 14 ветеринариялық пункттің (жоспар — 40), сонымен бірге мал өлекселерін залалсыздандыруға арналған 13 биотермиялық шұңқыр (жоспар — 25) құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Өткен жылы ветеринария басқармасына қарасты ветеринариялық станция 13 млн. теңгенің ақылы қызметін көрсетті.
Ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаев қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстарына да тоқталды.
Өңір тұрғындарының өтінішіне байланысты 5 972 қаңғыбас ит ауланды.
Облыс әкімі ветеринарияға қомақты қаржы бөлінгенімен, салада әлі де кемшіліктердің бар екенін баса айтты.
— «Медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты емдейді» деген сөз бар. Бұл салаға әлі де болса өзгеріс керек. Ауылдық жерлерде ветеринариялық қызмет көрсету өз деңгейінде дамымай отыр.  Ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмегені көрініп тұр. Алдағы уақытта мал дәрігерлерінің жалақыға қатысты мәселелері қайталанбауы тиіс. Бюджет қаржысына қарап отырмай, ақылы қызметтен түскен табыстан ішкі қажеттіліктерді қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру керек. Малдың жұқпалы ауруларына қатысты ахуалды, соның ішінде екпе егу мәселесін ерекше бақылауға алу қажет, — деген облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты міндеттет жүктеді.
Атап айтқанда, мал сою алаңдарын зерделеуді күшейтуді, ветеринариялық пункттер мен биотермиялық шұңқырлардың құрылысын жеделдетуді, қаңғыбас иттерді аулау, оларды оқшаулау, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, кенеге қарсы заласыздандыру жұмыстарын мерзімінде жүргізуді, сонымен бірге жоғары білімді мал дәрігерлерінің үлесін арттыруды ескертті.
Бұдан бөлек, қолда бар инфрақұрылым нысандарын күтіп-ұстауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Басқосуда облыс әкімінің Байзақ ауданы халқымен кездесуде және жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалуы және өзге де мәселелер қаралды.
Жамбыл облысының әкімдігі
Тегтер: ветеринарияЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысымал шаруашылығы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты