• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:45
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі

Тіл — халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші ретінде де саналады.

turan_admin turan_admin
15.01.2025, 15:57
Абырой
Фото: gov.kz
314
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Конституция мен «Тілдер туралы» Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік тілді білу әрбір азаматтың борышы. Тілдің негізгі қызметі — халықты біріктіру. Демек, мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару орындарында негізгі тіл ретінде қолданылуын қалыптастырған жөн. Қызметке аларда мемлекеттік тілде ойлайтын, сөйлейтін, терең қазақтың болмысын ұғатын қарымды да, қабілетті жастарды алып, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жазуға баулу шарт.

Тарихы терең «Қазақстан» атты ортақ шаңырақтың астында 130-дан астам ұлт өкілі мекен етеді. Соның ішінде Жамбыл облысында этнос өкілдері біршамасы шоғырланған. 75-тен астам өзге ұлт өкілдері тұрады. Аумағы үлкен өлкеде ұлттар достығы жанданған.  Өйткені, тіл — достықтың алтын көпірі.

Ахмет Байтұрсынұлының бір өлең шумақтарында,

Адамдық диқаншысы – қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көтеруге құл халықтың.

            Бұл өлең жолдары арқылы тұлғаның өмірге келгендегі миссиясы қандай болғанын аңғаруға болады. Ол ұлттың тілін сақтап қалу үшін күресті, сол жолда құрбан болды. Оның өмірі мен шығармаларын келешек ұрпаққа насихаттау және жастардың санасына сіңіру руханиятымыз үшін әрқашан да өзекті болары сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған ескерткіштің ашылу рәсімінде «Ахмет – халқымызды білім мен ғылымға жетелеп, рухани ұстаз болған әйгілі ағартушы» деп айтқан болатын.

             «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» бүгінгі заманға қаратылып айтылған асыл сөз, түптеп келгенде елдер арасындағы ынтымақтың негізгі кілті «тіл» деген байламға әкеледі.   Бір сөзбен айтқанда тіл — ұлттың жаны, рухы мен намысы.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де тілдің бүкіл халықты біріктіретін құндылық екенін әр сөзінде еске салады. Сондықтан этнос өкілдері арасындағы мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары.  Қазіргі  таңда мемлекеттік тілді меңгеруге деген өзге ұлт өкілдерінің қызығушылығы артқан.

            Расында, елімізде  «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген, бас құжатты қабылдаудағы басты мақсат — мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.  Аталмыш бағдарламаның іске асырылуы ел аумағында қарқын алған.  Облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ -нің ұйытқы болуымен өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне жағдай жасалуда.  Қазақстан халқы Ассамблесянының жұмысын жандандыруға негізделген мекемеде тіл үйрену үйірмесі бар. «Қоғам, кел – қазақ тілі» деп аталатын курста адам білім алады. «Бастауыш», яғни қарапайым деңгейлік және қалған екеуі «Жалғастырушы» базалық деңгей болып бөлінген.       «Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным. Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады» — деген еді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған  соты әкімшісінің жетекші маманы Г. Шегебаева

Тегтер: "Тілдер туралы" Заңконституция
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.