Бұл ретте департаментке қарасты түзеу мекемелерінің өндірістік аймағына жергілілікті жеке кәсіпкерлерді тарту мен жаңа жұмыс көздерін ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек ететін сотталғандар да бар.
Мәселен, бүгінгі таңда дәл осы серіктестікте өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші бас-аяғы 12 азамат жұмыс істейді. Осылайша, ақы төленетін жұмысқа орналасқан олар мемлекет пен жәбірленушінің алдындағы берешектерін өтеп қана қоймай, өз отбасыларына да қаржылай көмек беруге күш салуда.
Айта кету керек, қазіргі күні аталған мекемеде 82 адам жазасын өтеп жатыр.