• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.11.2026, 23:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Биыл сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады

Еліміздегі көші-қонның оң сальдосы 2 жыл бойы сақталып келеді. 2024 - жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы +7,3 мың адамды құрады.

turan_admin turan_admin
20.09.2024, 14:37
Облыс жаңалықтары
Биыл сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады
79
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Елге 14 мың адам келіп, 7 мың адам көшіп кетті. Елдердің бөлінісі бойынша көші-қон өсімі негізінен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері мен Қытай Халық Республикасына тиесілі болып отыр. Білім деңгейі бойынша да оң сальдо қалыптасып отыр, мәселен, елімізге білімді адамдар көбірек келгені байқалады. Саладағы жағдай бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында баяндама жасады.

Оның айтуынша, техникалық мамандықтар бойынша +686 адам, педагогикалық мамандықтар бойынша +215 адам, экономикалық мамандықтар бойынша +200 адамды құрайтын оң сальдо байқалып отыр.

«Ішкі көші-қон бойынша. Азаматтардың қозғалыс белсенділігінің өсуі байқалады. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе өсті. 2024 — жылғы қаңтар-маусым айларында ішкі көші-қонға 688 мың адам қатысты. Оның ішінде – облысаралық қоныс аударуда 307 мың адам. Мегаполистер ішкі мигранттарды тарту орталықтары болып қалуда. Мәселен, осы кезеңде Астана қаласына тұрақты тұру үшін 64 мыңнан астам адам, Алматы қаласына – 60 мың адам, Шымкент қаласына – 31 мың адам көшіп келді. Келушілердің өсу қарқыны Шымкент қаласында басқа мегаполистерден бұрынғыша алдыңғы орында тұр», – деді спикер.

Биыл көші-қон заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Мемлекет басшысы 16 мамырда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Құжат 5 басым бағытты қамтиды. Біріншіден, ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерін алу мәселесінде қоныс аударушылар үшін тиісті құқықтық жағдайлар жасау көзделген. Ендігі ретте қоныс аударушыларға жер учаскелері оны иеліктен шығару құқығынсыз ең төменгі мөлшерден аспайтын мөлшерде және конкурстан тыс тәртіппен 5 жылға дейінгі кезеңге уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану құқығымен беріледі. Бұл ретте осы өңірлерден тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыру жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соғады.

Сонымен қатар қоныстандыру өңірлерінде 5 жылдан астам тұрып жатқан қоныс аударушылар жер пайдаланудың ұзақ мерзімді құқығының жаңа мерзіміне шарттар жасасуға құқылы.

«Екінші. Ерікті қоныс аударуға қатысушыларға төленетін көшуге, тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға арналған субсидияларды банктер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы кредиттік міндеттемелер бойынша өндіріп алулардан қорғау жөніндегі нормалар бекітілген. Оларға тыйым салу, сондай-ақ шығыс операцияларын жасауға уақытша және басқа шектеулер қойылмайды. Үшінші. Егер этникалық қазақтың жеке басын куәландыратын құжатта ұлты көрсетілмесе, этникалық қазақтың ұлтын айқындау бөлігінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға тиісті құзырет бекітілді», – деді вице-министр.

Төртіншіден, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларын қосу мүмкіндігі қарастырылған. Бесінші бағыт ретінде ғылыми дәрежесі бар этникалық қазақтар үшін ғылыми жұмыстарды жүргізу қажет болған кезде қоныс аударуға алынған мемлекеттік қолдау шараларын қайтарусыз және өтеусіз өңірлер бойынша дербес көші-қон мүмкіндігі ұсынылды. Алтыншысы – еңбекші көшіп келушілерге оның өтініші бойынша бір айдан он екі айға дейінгі мерзімге еңбек рұқсатын алу мүмкіндігі беріледі.

Тегтер: көші-қонмиграция
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58
Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

12.11.2026, 10:34
Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22
«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.