• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Тұрар Рысқұлов ауданында оқушылардың психикалық саулығы жіті назарда

Өскелең ұрпақтың психикалық саулығы педагогтар мен сала мамандарының назарынан түспей келеді. Ал Жамбыл облысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең. Мәселен жуырда Т. Рысқұлов ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес ауданда тұлғаның өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, қоғаммен және өзара қарым-қатынаста жарасымды мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастыру бағытттарында «Шың» шығармашылық тобы құрылды. Шығармашылық топтың негізгі жұмысы - балалардың психикалық денсаулығын нығайта отырып, психологиялық қолдау көрсету. Қазіргі таңда топтың жылдық жоспары құрылып, сол жоспарға сәйкес аудан мектептерімен тығыз жұмыс жүргізілуде.

20.05.2024
0
Тұрар Рысқұлов ауданында оқушылардың психикалық саулығы жіті назарда
100
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Желтоқсан айында Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептердің 4 сынып білім алушыларымен баланың эмоционалдық жағдайын, агрессия деңгейін анықтау мақсатында М.А.Панфилованың «Кактус» әдістемесі жүргізілді. Зерттеуге аудан бойынша 36 мектеп, жалпы 1319 оқушы қатысты. Зерттеу  үш бағытта – агрессия, өзіндік бағалау, отбасылық жылулық бойынша анықталды. Зерттеудің нәтижесі бойынша: Бірінші бағыт: Агрессияны анықтау бағыты бойынша  жоғары деңгейде —  6 білім алушы анықталды (М.Горький о/м – 1 білім алушы; Ә.Бөкейханов о/м – 5 білім алушы); орташа деңгейде – 259 білім алушы, төмен деңгейде — 1054 білім алушы. Екінші бағыт: Өзіндік бағалау бағыты бойынша жоғары деңгейде – 240 білім алушы, орташа деңгейде – 1002 білім алушы, төмен деңгейде – 77 білім алушы анықталды.  Атап айтар болсақ М.Горький о/м – 3 білім алушы; Ю.Гагарин н/м – 4  білім алушы; Ш.Уалиханов о/м – 13 білім алушы; Ы.Алтынсарин о/м – 1 білім алушы; Алғабас о/м – 8 білім алушы; Р.Смайлов о/м – 2 білім алушы; Ақыртөбе о/м – 4 білім алушы; Малдыбай о/м – 5 білім алушы; Ә.Бөкейханов о/м – 7 білім алушы; Қ.Сатпаев о/м – 13 білім алушы; Б.Момышұлы о/м – 6 білім алушы; № 6 мектеп-гимназиясы – 2 білім алушы; Жалпақсаз баст мектебі – 4 білім алушы; Шолаққайынды бас мек – 4 білім алушы; Сөгеті бастауыш мектебі – 1 білім алушы. Үшінші бағыт: Отбасылық жылулық бағыты бойынша,  жылулық сезіледі – 1289 оқушы, отбасылық жылулығы әлсіз – 30 оқушы анықталды. Атап айтар болсақ М.Горький о/м – 4 білім алушы; Ю.Гагарин н/м – 1  білім алушы; Ақыртөбе о/м – 2 білім алушы; Ә.Бөкейханов о/м – 21 білім алушы; М.Әуезов т/м – 2 білім алушы.

Осы айда Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты  мектептердің  6 сынып білім алушыларының  агрессия және үрейін, өзін-өзі бағалау деңгейін  анықтау мақсатында Идеографикалық тест модификацияланған Э.Махони әдістемесі  жүргізілді. Зерттеуге жалпы 31 (отыз бір)  мектеп қатысты. Аудан мектептері бойынша 6 сыныптар аралығында жалпы 1387 білім алушы қамтылды. Нәтижесінде агрессиялық деңгейі жоғары – 49 білім алушы анықталды. Атап айтар болсақ Т. Рысқұлов м/л – 2 білім алушы; № 1 Мектеп — лицейі – 1 білім алушы; Т. Әубакиров н/м – 1 білім алушы; М.Горький о/м – 9 білім алушы; №3 о\м – 1 білім алушы; Қ. Сұлтанбеков о/м – 2 білім алушы; Құлан м/г – 9 білім алушы;Ақтоған о/м – 3 білім алушы; А.Байтұрсынов о/м -1; Болтай батыр о/м – 3; №4 орта мектеп – 1 білім алушы; Ы.Алтынсарин о/м – 1; Бірлес о/м – 1; Алғабас о/м – 2 білім алушы; Жамбыл о/м – 2 білім алушы; А.Шынасилов о/м – 1 білім алушы; Ақыртөбе о/м – 3 білім алушы; №5 орта мектеп – 1 білім алушы; Ақбұлақ  о/м – 1 білім алушы; М.Әуезов т/м – 2 білім алушы; Абай орта мектебі  – 1 білім алушы; Б.Момышұлы о/м – 2 білім алушы;  Үрей деңгейі жоғары – 66 оқушы анықталды. Атап айтар болсақ Т. Рысқұлов м/л – 10 білім алушы; М.Горький о/м – 11 білім алушы; Қ.Сұлтанбеков о/м – 3 білім алушы; Құлан м/г – 3 білім алушы; Ақтоған о/м – 2 білім алушы; Ю.Гагарин н/м – 4 білім алушы; А.Байтұрсынов о/м – 2 білім алушы; Ш.Уалиханов о/м – 2 білім алушы; Болтай батыр о/м – 8 білім алушы; №4 орта мектеп – 2 білім алушы; Бірлес о/м – 2 білім алушы; Алғабас о/м – 2 білім алушы; Р.Смайлов о/м – 3 білім алушы; Ақыртөбе о/м –10 білім алушы; Малдыбай о/м – 2 білім алушы; Ақбұлақ  о/м – 1 білім алушы; Ә.Бөкейханов о/м – 13 білім алушы; М.Әуезов т/м – 1 білім алушы; Қ.Сатпаев о/м – 3 білім алушы; № 6 мектеп-гимназиясы – 2 білім алушы. Ө зін-өзі бағалауы төмен – 49 оқушы анықталды. Атап айтар болсақ  Т. Рысқұлов м/л – 3 білім алушы; № 1 мектеп — лицейі – 2 білім алушы; Т. Әубакиров н/м – 1 білім алушы; М.Горький о/м – 5 білім алушы; №2 орта мектеп – 2 білім алушы; №3 о\м – 1 білім алушы; Құлан м/г – 5 білім алушы; Ақтоған о/м – 1 білім алушы; Болтай батыр о/м – 5 білім алушы; №4 орта мектеп – 2  білім алушы; Ы.Алтынсарин о/м – 1 білім алушы; Бірлес о/м – 2 білім алушы; Алғабас о/м – 3 білім алушы; Жамбыл о/м – 1 білім алушы; Ақыртөбе о/м – 5 білім алушы; Малдыбай о/м – 1 білім алушы; №5 орта мектеп – 1 білім алушы; Ақбұлақ  о/м – 1 білім алушы; Ә.Бөкейханов о/м – 3 білім алушы; Абай орта мектебі  – 2 білім алушы; Б.Момышұлы о/м – 2 білім алушы.

Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы білім бөліміне қарасты мектептерде 8 сынып білім алушыларының жалғыздық сезімдерін анықтау мақсатында М.Фергюсен мен Д.Рассельдің тесті жүргізілді. Зерттеуге аудан бойынша 31 (отыз бір) мектеп қамтылды. Аудан мектептері бойынша 8 сынып аралығында жалпы 1241 білім алушы қамтылды. Нәтижесінде жалғыздық сезімдері жоғары – 4 білім алушы (Құлан м/г (2 білім алушы); Ә.Бөкейханов о/м (1 білім алушы);  Б.Момышұлы о/м (1 білім алушы)); жалғыздық сезімдері орташа – 166 білім алушы; жалғыздық сезімдері төмен – 1071 білім алушы анықталды.

2024 жылдың 10 қаңтар күні  білім алушылардың психикалық көңіл — күйлерін көтеруге, шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өздеріне құрметпен қарауға, дұрыс қарым — қатынас орната білуге үйрету мақсатында орта буын білім алушыларымен «Жақсы көңіл-күй-жан азығы» тақырыбында психологиялық түзету жұмысы жүргізілді. Психологиялық түзету жұмысына 66 білім алушы, 2 педагог, 4 психолог қатысты. Қатысушылармен:  1.Танысу; 2. Әдістеме «Менің мінезім»; 3. «Мен-үйде» және «Мен — сабақта» жаттығуы; 4. «Тиімді қарым — қатынас орнату» жаттығуы; 5. «Ыстық картоп» жаттығуы; 6. Релаксациялық жаттығу «Сарқырама»; 7. Қорытынды «Күн шуағы» жаттығулары жүргізілді. Қатысушылар  психологиялық түзету жұмысына белсене қатысты, өз ойларын ашық айта білді.

2024 жылдың14 ақпан күні М.Әуезов және Малдыбай орта мектептерінің жоғарғы буын білім алушыларымен   эмоционалдық қысымды түсіруге және позитивті тұрғыдан ойлауға  дағдыландыру және білім алушыларды ұжымдыққа баулу мақсатында «Позитивті ойлау және оған дағдыландыру» тақырыбында психологиялық түзету және кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Атқарылған іс – шараға 60 білім алушы, 4 педагог, 4 психолог қатысты. Қатысушылармен:  1.Амандасу; 2. «Менің идеалды күнім» жаттығуы; 3. «Алғыс күнделігін толтыру» жаттығуы; 4. «5 артықшылық» ойыны; 5.Қорытынды бөлімінде «Жан жылуы» жаттығуымен аяқталды.

2024 жылдың 21 ақпан күні  Құлан мектеп-гимназиясы және Ақтоған шағын орталықты орта мектептерінің ата – аналарымен отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал жасау, сонымен қатар ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру мақсатында «Бала өмірі – басты құндылық» тақырыбында семинар – тренинг жүргізілді. Семнар – тренингке 27 ата – ана, 6 педагог, 6 психолог қатысты. Қатысушылармен:  1.Сәлемдесу; 2. «Отбасы татулығы» пікір алмасу; 3. «Сөйлемді аяқта» әдістемесі; 4. «Бақыт деген  не?» бейне баян; 5.Сергіту сәті: Мақал – мәтелдереді аяқтау; 6. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»; 7. Күлкі көңіл ажары; 8. «Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім?» ой толғау; 9. «Отбасылық құндылық ағашы» жаттығуымен аяқталды.

2024 жылдың 6 наурызында Ә.Бөкейханов және Құлан мектеп-гимназиясының 4 сынып білім алушыларымен өз-өзіне деген жағымды (позитиві) қарым-қатынасты дамыту және сенімділік сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Мен өзімді мақтай аламын» тақырыбында психологиялық түзету жұмысы жүргізілді. Психологиялық түзету жұмысы: 1. «Мен кіммін» серпімділік ойыны; 2.«Мен өткен, осы және келер шақтардамын» жаттығуы; 3. «Бәрі жұлдыздар» жаттығуы; 4. «Сенен маған ұнайтыны» жаттығуы; 5. «Шеңбер бойынша қошемет» жаттығулары өткізілді. Түзету жұмысы «Шеңбер бойынша қол алысу» жаттығуымен аяқталды. Қатысушылар  психологиялық түзету жұмысына белсене қатысты, өз ойларын ашық айта білді.

2024 жылдың 13  наурыз күні Абай орта мектебінің ата – аналарымен бала тәрбиесіндегі қарым-қатынас туралы түсінікті дамыту  мақсатында «Бала бойына сенімділік қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбында психологиялық кеңес беру және түзету жұмыстары жүргізілді. Баланы бағалауға, түсіне білуге баулу мақсатында «Бала тәрбиесінде ата – ана тарапынан қандай қасиеттер керек?» тақырыбында шағын дәріс және ескертпе сөздер, кеңестер берілді.  

Тегтер: оқушылар саулығыпсихологияРысқұлов ауданы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты