Этносаралық шиеленістің алдын алу шараларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ жұмыс істеп тұрған кабинетінің базасында (өңірлік этномедиация орталықтарының үлгілік функционалына сәйкес) этномедиация орталығы құрылды.
Өскелең ұрпақ үшін қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамда бейбітшілік пен келісім идеяларының құндылықтарын дәріптеу мәселелері бойынша 340-ден астам адамды қамтитын 9 іс-шара өткізілді.
№10, №5, №48 мектептерінің және қазақ-түрік лицейінің оқушыларымен және Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттерімен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Ауыл жастарымен жұмысты жандандыру, сондай-ақ этносаралық негіздегі жанжалдарды ерте анықтау және алдын алу шараларын іске асыру мақсатында ҚХА құрылымдары өкілдерінің және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің қатысуымен Байзақ ауданының жастарымен көшпелі кездесу өтті. Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, заңгерлік кеңес беру, сараптамалық сауалнама және сауалнама жүргізіліп, талдамалық анықтама жасалды.
Ақсақалдар кеңесінің қызметін дамыту және жандандыру перспективаларын талқылау мақсатында өңірлік ҚХА ақсақалдар кеңесімен бірлесе отырыс өтті.
Этномедиацияны дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін онлайн форматта пікірталас алаңдарына өңіріміздегі медиаторлар қатысты.
Этномедиацияны насихаттау мақсатында және медиация кабинетінің жұмысы туралы БАҚ-та 4 мақала мен 29 материал жарияланды.
2024 жылдың ақпан айынан бастап Достық үйінде этномәдени бірлестіктер мен этнос өкілдері үшін А1 деңгейін оқыту мақсатында қазақ тілін оқыту курстарына 30–50 жас аралығындағы – 14 адам, В1 деңгейін оқыту үшін 47 – 73 жас аралығында 20 адам қамтылды.
Түрлі этнос жастары арасында мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыру бағытында жаңа форматта (КВН, пікірсайыс, ТікТок және т.б.) іс-шаралар ұйымдастыру бойынша 15 ақпанда Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде КСРО халық әртісі, көрнекті театр жене кино актері, режиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай «Біздің кино» такырыбындағы киновояжға «Ассамблея жастары» да қатысты. Мақсаты-көркем туындылар арқылы жастарға рухани құндылықтарды дәріптеу, қазақ тілін кино көру әдісі бойынша меңгерту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Шараға қамтылған 40-қа жуық этнос жастары фильм туралы пікірталас жасады.
Украин, орыс, кәріс этномәдени бірлестіктер құрамына «Ұлы даланың Ұлтаралық тілі» ашық алаңында қалыптастырылған қазақ тілін еркін меңгерген спикерлер, мемлекеттік мекемеде қызмет атқаратын жас мамандар енгізілді. Этнос жастары Алғыс айту күні, Наурыз мерекесіне байланысты мемлекеттік тілде құттықтау челлендждеріне қатысты.
Достық үйінде «Мәміле» қазақ тілді клубының биылғы алғашқы отырысы өтті. «Бірлік пен ынтымақтастық — береке бастауы» деп аталған жиынға тіл жанашырлары мен этнос жастарынан құралған клуб мүшелері қатысты.
Клуб отырысында №34 орта мектебінің директоры, «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Динара Нуралиева, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының «География және биология пәнінің мұғалімі», облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі спикер Евгений Кравчук спикер болды. Олар жастарға мемлекеттік тілді жетік білу арқылы барлық бағытқа жол ашылатындығын, тілдік орта қалыптастыру бағытында ауыл жастарына арнайы клуб, мәдени ошақтарды көптеп ашу керек екендігін атап өтті.