• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Таразда өзге облыстан есірткі жеткізген ер адам ұсталды

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. 

19.02.2024
0
Таразда өзге облыстан есірткі жеткізген ер адам ұсталды

Видеодан үзінді

144
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

“Тосқауыл” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедрон жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде ер адамнан ішінде ерекше иісті ұсақ кристалды ұнтақ зат бар, изолентамен оралған 35 орам тәркіленді. Сондай-ақ оның жалға алған пәтерінен Мерри қызметтік итінің көмегімен 430 оралған пакет табылды.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 978 грамм болатын мефедрон психотроптық заты болып шықты. Яғни полицейлер кем дегенде 3260 дозаны құрайтын есірткінің таралуына жол бермеді. Оның қара нарықтағы құны шамамен 36 млн теңге тұрады.

Жауап алу кезінде күдікті заңсыз бизнеске қатысы бар екенін мойындап, мессенджер арқылы есірткі сататын курьер болып жұмысқа орналасқанын айтты. Ол Алматыдан есірткі партиясын алып, Тараздағы жалдамалы пәтерде оларды буып-түйіп, жасырын орындарға қойып шыққан.

«Күдікті өз қызметін интернет-дүкендердің көмегімен жүзеге асырған. Онда үйлестірушінің нұсқауы бойынша Алматы, Тараз, Шымкент, Қостанай қалаларында тарату үшін “тауар” алып отырған және Таразда бірнеше орынға мефедрон қойып үлгерген. Оның есірткі сататын интернет-дүкен әкімшісімен хат алмасуын және жасырын орындардың координаттарын көрсеткен фотосуреттерді тексергеннен кейін қызметкерлер мефедронның тағы 7 орамын тапты. Қазіргі уақытта полиция қылмыстық тізбектің қалған қатысушыларын анықтап жатыр», – деді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.

Айгүл Ержігіт

Тегтер: ЕсірткіЖамбыл полициясыТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты