• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жамбылда досын қастықпен өлтірген қылмыскерге жаза тағайындалды

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қылмыстық кодекстің (әрі қарай ҚК) 99-бабы 1-бөлігі яғни, адам өлтіру бойынша айыпталушы Н.Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

14.08.2023
0
Қаралған қылмыстық істер саны артуда
123
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2023 жылғы 22 сәуірде сотталушы Н.Р. досының үйленуіне байланысты жиында болып, жиын болып жатқан үйдің жанында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталмаған пышақты тауып алып, оны қалтасына салып қойған. Содан кейін, Н.Р. спирттік ішімдік ішіп жүріп, басқа досы Н.Б.-ға қоңырау шалып, оның аталған жиында жоқтығын алға тартып, онымен қарым-қатынасын анықтау мақсатында соңғының үйіне барған. Сол кезде ортақ достары Б.Ж.-ның үйленуіне байланысты жиынына бармағаны бойынша наразылығын білдіріп, оны арандатып, ұрыс-керіс барысында өзінде болған пышақты шығарып, оны Н.Б.-ға көрсеткен, бірақ Н.Б. жанжалды болдырмау мақсатында үйіне кіріп кеткен.

Содан кейін, Н.Р. досы Н.Б.-ға қайта-қайта қоңырау шалып, онымен кездесуге қол жеткізіп, өзінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықталмаған пышақты сақтап, жиын болып жатқан ауылдың көшелерінің біріне барып, шамамен сағат 21:00-де Н.Б.-мен қарым-қатынастарын анықтауды жалғастырған.

Н.Р.-ның арандатушылық әрекеттерінен Н.Б. екеуінің арасындағы ұрыс екі жақты төбелеске ұласқан, нәтижесінде екеуі жерге құлап, Н.Р. адам қазасы түрінде қоғамға қауіпті зардаптың туындауын алдын-ала біліп және соны қалап, өз әрекетінің осындай нәтижесіне саналы түрде жол беріп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықталмаған пышақпен Н.Б.-ға бірнеше рет пышақ жарақатын, оның ішінде сол жақ иық артериясын зақымдаумен қолтық асты тұсына жақын сол жақ кеуде қуысына терең пышақ жарақатын салған, нәтижесінде көп мөлшерде сыртқа қан кетіп (жіті профузды қан жоғалту), Н.Б. ауруханада қайтыс болған.

Прокурор сотталушы С.Қ.-ға 12 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сот отырысында сотталушы Н.Р.пышақ жарақаттарын ол ұрыс-керістің барысында салғанын көрсетті және азаматтық талапты мойындады.

Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: сотталушының сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдікті ретінде және айғақтарды сол жерде нақтылау және тексеру барысында берген ретті және логикалық тұрғыдан байланысты жауаптары, іс бойынша сұралған куәлердің жауаптары, сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.

Қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, сот оның шын жүректен өкінуін, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн жәбірленушіге көмек көрсетуін табады.

Қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде, сот оның  қылмыстық құқық бұзушылықты алкогольден масаң күйде жасағанын табады.

Сот үкімімен ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша Н.Р.-ға орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Тегтер: Жамбыл облысыЖамбыл сотықылмыстық іс
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Абай жастары жарады

Абай жастары жарады

21.05.2025
Мерекелерге орай елімізде қосымша әуе рейстері іске қосылады

Қазақстандықтар Еуропадағы бір елге тікелей ұша алады

21.05.2025
Құрбан айтқа орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

Құрбан айтқа орай қазақстандықтар қанша күн демалады?

21.05.2025
Бектенов орынбасарынан есеп алды

Бектенов орынбасарынан есеп алды

21.05.2025
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты